Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ

 Әдістемелік жұмысының тақырыбы: «Педагогтардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін озық әдіс - тәсілдерімен қаруландыра отырып,  оқытуда сыни көзқарасы дамыған  құзіретті тұлғаны дамыту»

Ғылыми-әдістемелік жұмыс мақсаты: Білім беруде мұғалімнің кәсіби құзырлылығын арттыруға, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға әдістемелік жағдайлар жасау;

Ғылыми-әдістемелік жұмыс міндеттері:

 

  • Мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін жағдай жасау және оқыту сапасын арттыру;
  • Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің ынтымақтастығын, деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өтпеген мұғалімдерді үдеріске тартуды қамтамасыз  ету  үшін кәсіби, желілік қоғамдастық  жұмысын жетілдіру, мектепте жаңартылған білім беру мазмұны бойынша көшбасшылық іс- әрекетті   қалыптастыру;
  • Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттырудың онлайн және қашықтан оқыту курстарына қатыстыру;
  • Сындарлы оқыту теориясына негізделген оқытудың тиімді әдістерін пайдалану арқылы сабақ сапасын арттыру;
  • Мұғалімнің озат іс-тәжірибесін насихаттау мен тарату;
  • Ақпараттық технологиялар негізінде жаңа білім беру ортасын әрі қарай дамуын қамтамасыз ету;

 

Күтілетін нәтиже: Мемлекет талаптарына сәйкес, жаңа инновациялық технологиялар негізінде құзіретті сапалы білім беретін оқу мекемесі

 

     4.1 Әдістемелік жұмыстың бағыттары:

     1. Әдістемелік кеңестің және әдістемелік бірлестіктердің жұмысы

     2.Ақпараттық- әдістемелік орталықтармен, әдістемелік басылымдармен байланыс. Шығармашылық топ жұмысы. Жоғары және орта білім   беру мекемелерімен қатынас жасау. Дарынды оқушылармен жұмысты дамыту. Оқушылардың (ОҒК) ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру.

  1. Жас маман мектебінің жұмысы, ақпараттық-әдістемелік көмек беру жұмысы.
  2. Педагогикалық кадрлардың аттестациядан өтуін жоспарлау. Мектептің аттестациялық комиссиясының қызметі
  3. Тәлімгерлік жұмыс. Жас маманға кәсіби көмек беру.
  4. Педагог мамандардың біліктілігін көтеруін және шығармашылық дамуын әдістемелік қамтамасыз ету.

 

     4.2.Ғылыми-әдістемелік кеңестің құрамы:

     Кеңестің құрамына әдістемелік бірлестік өкілдері, педагогтар, әкімшілік мүшелері кіреді. Кеңестің құрамы мектеп директордың бұйрығымен       бекітілді.

     Әдістемелік кеңес  төрайымы – Мықтыбекова Жамал Жапарқызы–директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

     Хатшы – А.Халық

     Мүшелері:

1.Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі                                                        – А.К.Кушикбаева

2.Шет тілдері пән бірлестігі                                                                            - И.А.Тельтаева

3.Математика , информатика,физикапәнбірлестігі                                      – Г.К.Раканова

4.Химия , биология, геграфия,тарих пән бірлестігі                                     – А. Б. Каспакова

5.Дене шынықтыру, еңбек, музыка пән бірлестігі                                        -А.Қ.Баялбекова

6.Бастауыш сынып бірлестігі                                                                          - И.Ж.Адилгереева

7. Шығармашылық топ жетекшісі                                                                   -А.А.Алпысбаева

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ