Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
«ЗАҢДЫ САҚТАУ – ӘР ТӘРБИЕЛЕНУШІНІҢ МІНДЕТІ»
🏫 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде
«Тәрбиелі ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында мектеп жанындағы интернат айлығының жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 21 қаңтар күні директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р. Исмаилова «Құқықтық тәртіп» тақырыбында танымдық сабақ өткізді.
🎯 Іс-шараның мақсаты:
– интернат тәрбиеленушілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру;
– заңға деген құрмет сезімін қалыптастыру;
– өз құқықтары мен міндеттерін білуге және оларды күнделікті өмірде дұрыс қолдана білуге үйрету.
👥 Іс-шараға тәрбиеленушілер белсене қатысып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында мектеп психологтары Ж. Ченсызбаева мен Ж. Кантарбаева «Көңілді сәттер» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
📚 Танымдық сабақ барысында оқушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға, жауапкершілік пен тәртіптілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінді.
💬 Сабақ кезінде жағдаяттық сұрақтар ұсынылып, өмірде кездесетін құқықтық жағдайлар талқыланды. Бұл әдіс тәрбиеленушілердің ойлау қабілетін дамытып, дұрыс шешім қабылдай білуіне және өз пікірін дәлелді түрде жеткізуіне мүмкіндік берді.
🎲 Сонымен қатар, «Құқық пен міндетті ажырата біл!» атты ойын түрлері ұйымдастырылып, құқықтық ұғымдар жеңіл әрі қызықты түрде түсіндірілді. Ойын элементтері оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын арттырды.
🌱619339240_856387577168498_5724888272701185371_n.jpg

Ұйымдастырылған танымдық сабақ жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін нығайтып, құқықтық мемлекет құрудың маңызды негізі болып табылады.

 

619240301_856384380502151_2054354615927348254_n.jpg619316727_856384453835477_3760877559053318704_n.jpg

 

619339240_856387577168498_5724888272701185371_n.jpg

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімініңА.С.Макаренко атындағы орта мектебінде 16 қаңтар күні мектеп инспекторы М.Кусайнов қазіргі таңда жол-көлік оқиғаларының алдын алу, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды мәселелердің бірі болып табылатынын негізге алып, 1-5 сынып оқушыларымен «Жол ережесін біліп жүр» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Түсіндірме жұмысының негізгі мақсаты – оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіру, олардың жолда өзін дұрыс әрі қауіпсіз ұстау дағдыларын қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

     Кездесу барысында инспектор оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері, бағдаршамның қызметі, жолдан дұрыс өту ережелері туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, балаларға жолдың тек белгіленген жерінен өту, бағдаршамның жасыл түсін күту, көлік жүріп жатқан жолға кенеттен шықпау керектігі түсіндірілді. Нақты өмірден алынған мысалдар келтіріліп, суреттер мен көрнекі құралдар қолданылды.

   Түсіндірме жұмысы барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Инспектор балалардың сұрақтарына толық жауап беріп, жолда жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

    Жоғарыда аталған тақырып аясында жүргізілген түсіндірме жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының жол қауіпсіздігі туралы білімін арттырып, олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға үлкен үлес қосады. Мектеп инспекторы тарапынан берілген мәліметтер балалардың күнделікті өмірде жол ережесін сақтап жүруіне ықпал етеді.

617866771_854737787333477_171739118312471733_n.jpg

617838441_854738097333446_7490776771231502803_n.jpg

617866771_854737787333477_171739118312471733_n.jpg

617988632_854737910666798_2580253329163280044_n.jpg

617866815_854737560666833_6712282121899634049_n.jpg

    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде «Заң және Тәртіп айлығы» аясында 1–11 сынып жетекшілері “Заң және Тәртіп” тақырыбында жас ерекшеліктерін ескере отырып, өз сыныптарымен  бірыңғай тәрбие сағатын өткізді.

      Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылар арасында заң мен тәртіпке деген құрметті арттыру.

Міндеттері:Заң, құқық, міндет, жауапкершілік ұғымдарын түсіндіру;

Оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін білуіне жағдай жасау;

Құқық бұзушылықтың алдын алу;

Қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру;

Заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жас ерекшеліктеріне сай мазмұны1–4 сыныптар

Тақырыптар:«Мен және мектеп тәртібі», «Жақсы мен жаман әрекет», «Ереже не үшін керек?» Әдістер:әңгіме, суреттермен жұмыс, ойын элементтері

Нәтиже:оқушылар тәртіп сақтаудың маңызын түсінді.

5–7 сыныптар :«Қоғамдық тәртіп», «Заңды сақтау – әр азаматтың міндеті» Әдістер:жағдаяттық тапсырмалар, топтық жұмыс

Нәтиже:жауапкершілік пен тәртіп туралы түсінік қалыптасты.

8–9 сыныптар :«Құқық бұзушылық және оның салдары», «Жасөспірім және заң»10–11 сыныптар :«Құқықтық мәдениет», «Азаматтық жауапкершілік»

    Өткізілген бірыңғай тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға оң әсерін тигізді. Сынып жетекшілері жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие сағатын мазмұнды әрі тиімді өткізді. Бұл шара оқушылар арасында заң мен тәртіпті сақтау дағдысын қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік жұмыс болып табылады.

Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текстВозможно, это зарисовка (текст)

РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА!!! Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде рейдтік іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1098 бұйрығына сәйкес, кәмелетке жасы толмағандардың мезгілсіз уақытта жүруін, сабақтан жалтаруын және кұқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 8,15 қаңтар күндері күндізгі және түнгі рейд ұйымдастырылады.

📌 Рейд барысында кеңес мүшелері және басқа да мектеп қызметкерлері әр аптаның бейсенбі күндері күндіз сағат 11:00-14:00-ге дейін орталық базарында, темір жол бекетінде, ойын сауық орталықтарында ,сабақтан жалтарған оқушыларды анықтау және қадағалауды қажет ететін отбасылардың жағдайымен танысу мақсатында рейд жүргізсе, түнгі рейд барысында заңды өкілінсіз жүрген балаларды анықтау мақсатында түнгі сағат 22:00-00:00 аралығында ойын –сауық орталықтары мен қала көшелері, темір жол бекетіне мектеп қызметкерлері рейд жұмысын жүргізді. 📌 Рейдтік іс-шаралар келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
2. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу;
3. Темекі шегу, ішімдік ішу, электронды темекі, вейп қолдану, құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу;
4. Көңіл көтеретін орындар , компьютерлік клубтарда және өзге де қоғамдық орындарда оқушылардың болуын анықтау. 📌 Жасөспірім,есіңізде болсын, Сіздің амандығыңыз БІЗ үшін маңызды!
ЕСКЕРТПЕ!!! ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылық анықталған жағдайда ,олардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделетіндігі ескертіледі.
616040906_851725764301346_3902515680526489010_n.jpg616976122_851726627634593_4408040211134833402_n.jpg
 
 
616137773_851725904301332_1828144934916549493_n.jpg616976122_851726627634593_4408040211134833402_n.jpg616137773_851725904301332_1828144934916549493_n.jpg
 
617603109_851726017634654_3919287348466635416_n.jpg
 
616511992_851725670968022_742660861364037658_n.jpg
 
616976122_851726627634593_4408040211134833402_n.jpg
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ