Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
Жамбыл облысы Шу ауданы, А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде Баланың зорлық– зомбылықтан қорғау ,суицидтің алдын алу және олардың саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 31 .08.2023ж № 748 қаулысы негізінде , 2025 жылдың 3 қараша күні Шу АПБ-нің полиция аға лейтенанты Атықай Мадияр Даниярұлы мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерімен "Вандализмге жол жоқ" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізсе ,4 қараша күні мектеп инспекторы М.Кусайнов 5-9 сыныптың оқушыларымен жоғарыда аталған тақырып аясында түсіндірме жұмысын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық мүлікті қорғау, мәдени нысандар мен ортақ игіліктерге құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.
Түсіндірме жұмысы барысында мектеп инспекторы оқушыларға вандализм ұғымы, оның түрлері мен қоғамға тигізетін зияны туралы ақпараттар беріліп, нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі жауапкершілік шаралары таныстырылды. Инспектор мен оқушылар арасында ашық диалог ұйымдастырылып, оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара қорытындысында оқушылар «вандализм – мәдениетсіздік пен жауапсыздықтың белгісі» екендігін түсініп, өз ортасында құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосуға уәде берді
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Исмаилованың ұйымдастыруымен «Вандализмге жол жоқ» тақырыбында оқушылармен әлеуметтік ролик түсіріліп, мектеп оқушыларының чаттарына таратылды
Возможно, это изображение текстВозможно, это изображение один или несколько человекВозможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, скейтборд и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся
2025 жылдың 11 қараша айында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінд Баланың зорлық– зомбылықтан қорғау ,суицидтің алдын алу және олардың саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 31 .08.2023ж № 748 қаулысы негізінде , кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, діни және саяси сипаттағы теріс әрекеттердің алдын алу мақсатында мектеп инспекторы, полиция аға лейтенанты М.Құсайнов оқушылармен кездесу өткізді.
👮Кездесуге 7–11 сынып оқушылары қамтылып, «Экстремизм мен терроризмнің қоғамға төндіретін қауіптері» тақырыбында ЖАДЫНАМА бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
👮Мектеп инспекторы оқушыларға экстремизм мен терроризм ұғымдарының мәнін, олардың қандай сипатта болатынын, жастарды өз қатарларына тарту жолдарын, сондай-ақ әлеуметтік желі арқылы жүргізілетін насихаттың қауіптілігін нақты мысалдармен түсіндірді.
🚨Түсіндіру жұмысы аясында қамтылған негізгі мәселелер:
- Экстремизм мен терроризмнің анықтамасы және түрлері;
- Діни ағымдар мен ұйымдардың заңсыз әрекеттері;
- Әлеуметтік желідегі жалған ақпарат пен насихаттан сақтану;
- Күдікті әрекеттер туралы жауапты органдарға хабарлау қажеттілігі;
- Жастардың діни және саяси сауаттылығын арттыру маңыздылығы; - Жарылғыш заттар тізбесіне таныстырды.
Возможно, это изображение текстВозможно, это изображение учеба и текстВозможно, это изображение учеба и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, помост и текстВозможно, это изображение помост и текстВозможно, это изображение текст
Жол ережесін білейік, аман есен жүрейік!!!
🏫 2025 жылдың қараша айында Жамбыл облысы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде мектеп оқушылары арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлескен "Жол ережесін сақта,жасөспірім!" тақырыбында практикалық түсіндірме жұмысы жүргізілді.
👮 Іс-шара барысында мектеп инспекторы мен патрульдік полиция қызметкерлері оқушыларға *жол жүру ережелерінің маңызы*, жаяу жүргіншілердің қозғалыс тәртібі, жол белгілерінің мағынасы, сондай-ақ мектеп маңындағы жолдан дұрыс өту жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Балалармен жол қозғалысының дұрыс үлгісі* көрсетіліп, түрлі жағдаяттар бойынша практикалық іс-шаралар көрсетілді.
Негізгі қарастырылған тақырыптар:
- Жол белгілерін танып, қолдану дағдыларын қалыптастыру;
- Өзін-өзі жолда қауіпсіз ұстау тәсілдері;
- Қауіпті аймақтар мен жол бойындағы негізгі ережелер.
Іс-шара барысында оқушылар жол ережелері бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. 🗣️ Іс-шара соңында полиция қызметкері мектеп оқушыларына бейне үндеу жолдады. Үндеу мазмұны:
Полиция қызметкерлері оқушыларға жолда абай болу, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жаяу жүргіншілер жолағынан ғана өту, құлаққап пен телефон қолданудан аулақ болу туралы үндеу жасады. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің велосипед секілді құралдарды пайдаланған кезде де сақ болу қажеттігі ескертілді.
Возможно, это изображение автомобиль и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, улица и текст "BALNUR T"Возможно, это изображение один или несколько человек и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, улица и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и улица
📌Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде кәмелетке жасы толмағандардың мезгілсіз уақытта жүруін, сабақтан жалтаруын және кұқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 6, 12 қараша күндері күндізгі және түнгі рейд жүргізілді.
📌 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 бұйрығы негізінде рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру туралы мектепішілік кезекшілік кестесі жасалып, бекітілді. / бұйрық тіркелген/ Рейд барысында кеңес мүшелері және басқа да мектеп қызметкерлері мен Шу АІІБ полиция қызметкерімен бірлесе отырып ,әр аптаның бейсенбі күндері күндіз сағат 11:00-14:00-ге дейін орталық базарында, темір жол бекетінде, ойын сауық орталықтарында ,сабақтан жалтарған оқушыларды анықтау мақсатында рейд жүргізсе, түнгі рейд барысында заңды өкілінсіз жүрген балаларды анықтау мақсатында түнгі сағат 22:00-00:00 аралығында ойын –сауық орталықтары мен қала көшелері, темір жол бекетіне мектеп қызметкерлері мен мектеп инспекторы рейд жұмысын жүргізді. Рейд барысында сабақтан жалтарған және түнгі уақытта ата-анасынсыз жүрген оқушылар анықталған жоқ. Мектеп ауласында бөгде адамдардың болуы орын алған жоқ.Рейдтік іс-шараға А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің кезекші мұғалімдері мен Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкері Құсайнов Мақсат Мусабековичпен бірлесе отырып жүргізді.Рейд барысында қадағалауды қажет ететін отбасылардың да үйлеріне араланды .
Жасөспірім,есіңізде болсын, Сіздің амандығыңыз БІЗ үшін маңызды!
ЕСКЕРТПЕ!!! ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылық анықталған жағдайда ,олардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделетіндігі ескертіледі.
Возможно, это изображение текстВозможно, это изображение скорая помощь, больница и текстНет описания фото.Возможно, это изображение учеба, скорая помощь, больница и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и осветительное оборудованиеНет описания фото.Возможно, это изображение текст
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ