Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
📌 2025 жылдың 16 қарашасы күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен қолға алынған *БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау* және «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық ақпараттық науқаны аясында "Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі» тақырыбында
маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шу аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының полицейі, полиция аға лейтенанты Кусайнов Максат Мусабекович арнайы шақырылып, 5–11 сынып оқушыларымен кездесті.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
– Оқушылар арасында мектепішілік әлімжеттік, зорлық-зомбылық, қараусыздық және құқық бұзушылықтың алдын алу;
– Балаларға құқықтық сауаттылықты түсіндіру;
– Қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.
Кездесу барысында полиция инспекторы:
🔹 Мектептегі әлімжеттік (буллинг) дегеніміз не екенін түсіндірді;
🔹 Буллингтің психологиялық және құқықтық салдарларын мысалдармен көрсетті;
🔹 ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі мен Қылмыстық кодексіндегі кәмелетке толмағандарға қатысты баптарды таныстырды;
🔹 Жәбірлеуші мен жәбірленушінің құқығы туралы айтып өтті. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға инспектор нақты әрі мазмұнды жауап беріп, өз құқықтарын қорғау жолдарын түсіндірді. Әсіресе балаларға қандай жағдайларда ата-аналар, мектеп әкімшілігі немесе құқық қорғау органдарына жүгіну қажет екенін айтып өтті.
Кездесу барысында оқушылар заң алдындағы жауапкершілік, достық қарым-қатынас, өзара сыйластық туралы маңызды ақпарат алды. Жоғарыда аталған іс-шара оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға және мектеп ішіндегі зорлық-зомбылықты болдырмауға бағытталған.
Возможно, это изображение текст "ЭЛΙМЖЕΤΤΙК БОПСАЛАУ жол бермейк Элимжеттк дегени дегенимне? не? Бопсалау деген не? Элим лимжеттк адамнын баска адамды сезбеннемесе сезбен немесе дене кушимен кушменкорлал,жабирлеу.Б корлап, жабрлеу. Бул когамда, мектепте умыс орнында HeMece уиде орнынданемесеуйдеоры орын алуы алуымумк Мумкн. Бопсалау бар адамнын немесе топтын6 back адамды коркытып коркинтып,оныц,мулкн онын MYAKIH немесежекеакпаратыналу алу немесе аклараты YUJIH, одан акша Hemece немесебаск баска да иплктер лап туг."Возможно, это изображение учеба и текстВозможно, это изображение учебаВозможно, это изображение один или несколько человек и люди учатсяНет описания фото.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ