Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
«Буллингтен қорған» алдын алу шарасы, «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы негізінде А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің оқушыларына -«Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру» мақсатында «STOP BULLYING» , 109 психологиялық қолдау көрсету орталығы, Балаларды мектепте 24/7 режиміндегі "Balaqorgau" дербес QR-кодын орналастыру арқылы құқықтарының бұзылу фактілері бойынша анонимді түрде БҒМ БҚҚК-ге жаңа форматта жүгіну мүмкіндігі туралы хабардар ету ақпаратын мектеп психологі мен директордың құқытық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушыларға мектепте «ДосболLIKE Макаренко» атты көмек көрсету желісі бар екенін және басқа да ақпарат парақшаларының маңыздылығын түсіндіріп, 25 оқу кабинеті мен оқушыларға қол жетімді жерлерге , қыздар, ұлдар бөлмесіне ,мектептің әжетханаларына, асханаға, интернаттың жатын бөлмелеріне орналастырылды




Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 28 тамыз күні сынып жетекшілер жиналысында Исмаилова Рада Қуанышбекқызы білім беру ұйымдарында балаларды жәбірлеудің, буллингтің алдын алу және оған қарсы тұруға арналған «ДОСБОLIKE»бағдарламасын негізге ала отырып, 1-11сыныптың тәрбие сағаттарында буллингке қатысты маңызды тақырыптар талқылану керектігін алға тарта отырып ,әр сыныптың тәрбие жоспарына тоқсанына бір рет жоғарыда аталған тақырып аясында тақырып қосу керектігін айтып , әр сыныпқа бекітілген тақырыптар ұсынды. Сонымен қатар 1-4 сыныптар мен 5-9 және 10-11 сынып оқушыларының ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспарына да «Буллинг» тақырыбына байланысты арнайы бекітілген тақырыптар енгізу керектігін түсіндіріп, бекітілген тақырыптарды ұсынды.Іс-шараның мақсаты: Балаларды жәбірлеудің алдын алу

















