МЕКТЕПТЕ "ДосболLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НАУҚАНЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ!!!
Жамбыл облысы, Шу ауданы, А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде ағымдағы жылдың 7 қараша күні 4-сыныптың жетекшісі Адилгереева Индира Жолдыбаевна бастауыш сынып оқушыларымен «ДосболLIKE» бағдарламасына сәйкес, «Достық – татулық бастауы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында достық, өзара сыйластық, көмек көрсету, татулық сияқты адами құндылықтарды қалыптастыру, сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату және балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Сынып жетекшісі тәрбие сағатын оқушы жас ерекшелігіне сай түрлі әдіс-тәсілдермен қызықты ұйымдастырды. Атап айтқанда,
– «Дос деген кім?» сұрағына жауап алу арқылы ой қозғау;
– Мақал-мәтел, жұмбақ, жағдаяттық сұрақтар арқылы ой бөлісу;
– «Менің досым» тақырыбында жылы лебіздерін білдіру;
– «Жақсы дос – жанға серік» тренингі арқылы топтық жұмыс жүргізу.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар белсенділік танытып, достықтың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісті. Сабақ соңында балалар бір-біріне жылы лебіздер айтып, «Досболайық бәріміз» тақырыбында әнімен аяқтады.
Тәрбие сағаты балаларға үлкен әсер қалдырды. Достық туралы түсінігі кеңейіп, олар өзара қарым-қатынаста бір-біріне көмектесуге, сыйлауға, түсінуге тырысты. Іс-шара «ДосболLIKE» бағдарламасының мазмұнына сәйкес сапалы әрі нәтижелі өткізілді.










