МЕКТЕПТЕ "ДосболLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НАУҚАНЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ!!!
2025 жылдың қараша айында Жамбыл облысы, Шу ауданы, А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 1 "Ә" сынып жетекшісі А. Халықтың ұйымдастыруымен «Өнер жан-жақтылықта, ал күш бірлікте» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында позитивті көңіл-күй қалыптастыру, достық пен ынтымақтың маңызын ұғындыру .
Сабақ «Шаттық шеңбері» арқылы басталып, оқушылар қол ұстасып, «Достық» әнін шырқады. Бұл бөлім оқушыларды эмоционалды жағынан баптап, ынтымақ пен бірлікке шақыруға бағытталды.
Мұғалім сабақ барысында түрлі маман иелерінің (суретші, әнші, биші, спортшы) суреттерін көрсетіп, олардың ортақ қасиеттерін талдауға бағытталған сұрақтар қойды. Балалар бұл адамдардың барлығын біріктіретін – еңбек және бірлік,достық екенін атап өтті.
Оқушылар сабақ соңында достық пен бірліктің маңызын түсініп, өз ойларын шығармашылық жолмен еркін жеткізе алады.



