Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде кәмелетке жасы толмағандардың мезгілсіз уақытта жүруін, сабақтан жалтаруын және кұқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2,7 ,9 қазан күндері күндізгі және түнгі рейд жүргізілді.
Жасөспірім,есіңізде болсын, Сіздің амандығыңыз БІЗ үшін маңызды!
ЕСКЕРТПЕ!!! ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылық анықталған жағдайда ,олардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделетіндігі ескертіледі.








20 қазан - Зиянды заттарды тұтынудан бас тарту күніі!!! Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде
ағымдағы жылдың 16-17 қазан күні мектеп директорының құқықтық және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,мектеп психологінің ұйымдастыруымен жоғарғы сынып оқушылары арасында *«Алкогольді қолданудан бас тарту»* тақырыбында іс-шаралар өткізілді.
Іс-шара барысында Р. Исмаилова зиянды заттар туралы жалпы мағлұмат беріп, олардың адам денсаулығына әсері жайлы кеңінен түсіндірсе, мектеп психологі оқушылармен кері байланыс орнатып, тақырыпқа қатысты сауалнама алу арқылы оқушылардың ой-пікірлерін білді. .
Р.Исмаилова темекі мен ішімдіктің ағзаға тигізетін нақты зияндарын мысалдармен келтіріп, қосымша ақпараттар да ұсынылды.Іс-шара соңында оқушылар алған білімдерін тақырып аясында постер қорғау арқылы жеткізді. «*Сурет те сөйлейді*» ұстанымы негізінде жасалған шығармашылық жұмыстар салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Ал жоғары сынып оқушылары бейнежолдау арқылы зиянды заттарды қолданудың қауіпті салдары жайлы айтып, өз қатарластарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.






Іс-шара барысында мектеп инспекторы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің* 610-бабының 3-бөлігі және 611-бабының 3-бөлігіне сәйкес, кәмелетке толмағандарға әкімшілік іс қозғалатынын атап өтті. Сонымен қатар,полиция қызметкері көлік жүргізудің адам өміріне төндіретін қаупі мен салдары туралы айтып, жолда жүру ережелеріне қатысты дұрыс әрекеттерді практикалық түрде көрсетті.
Іс-шараның мақсаты– кәмелетке толмағандардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.




СПОРТ – достық, спорт – денсаулық!* "СПОРТ-достыққа жетелейд!і"
“Зейін мен шоғырлану толқынында” тақырыбында тренинг жүргізіп, тренинг соңында барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
*
Жарыс нәтижесі:*


© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ


