Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің 7-11 сынып оқушыларымен ДосболLIKE” жобасы негізінде «Зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ мамандары, Шу қалалық " Жастары ресурстық орталығы" мамандары
"Буллинг дегеніміз не және булингтен қорғану жолдары» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндірме жұмысының мақсаты: Кәмелетке жасы толмағандар арасында буллинг пен кибербуллинг түрлерінен қорғау және желіден төнетін қауіптің түрлерімен таныстыру. Түсіндірме жұмысын жүргізу екі кезеңнен тұрды. Іс-шараны Шу "Жастар ресурстық орталығы" КММ психологі «Желідегі қауіпсіздік» тақырыбында ақпарат беріп, тақырып аясында ЖАДЫНАМА таратса, "Зорлық -зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталғы" КММ маманы Гүлбану оқушылармен байланыс орнату үшін тақырып аясында бейнероликтерді ұсынып, сұрақтар қойып, кибербуллинг түрлерімен және ондағы мәселелермен таныстырып, оқушыларға ойларымен бөлісуді сұрады. Іс –шара соңында оқушылардан жоғарыда аталған алдау, бопсалау,тиісу жағдайына тап болса, қандай іс-қимыл жасайтындарын сұрап, оқушылардың ойларын тыңдады. Іс-шара соңында оқушыларды ешқандай әлеуметтік желіге тәуелді болмай, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Нет описания фото.
Шу ауданының білім бөлімінің "А.С.Макаренко атындағы орта мектебі" КММ директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Исмаилова 5-11 сынып оқушыларына «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» дегенді тілге тиек етіп, оқушыларға жан-жақты құқықтық тәрбие беруді жетілдіріп отыру – ұстаздардың басты парызы екенін айтып, айтылған тәртіп пен заңға бағынуға шақырып , "Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығының қосымшасымен таныстырды .(2023.28.12. №398 бұйрықпен берілген өзгерістер) Р.Исмаилова МЕА алу және одан шығарудың негіздемелеріне жеке -жеке тоқталып өтті. Атап айтатын болсам,
1) академиялық үлгермеушілік;
2) отбасындағы жайсыздықтар;
3) қадағалаусыздық, панасыздық, қаңғыбастық, қайыршылық;
4) мектептің Жарғысын және Мектептің ішкі тәртіп ережесін өрескел немесе бірнеше рет бұзу;
5) сабақтарға дәлелсіз себептермен жүйелі түрде қатыспау;
6) әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
7) психикалық белсенді, уытты заттарды, есірткі құралдарын, спиртті ішімдіктерді тұтыну, темекі шегу;
😎 ойынға және интернетке тәуелділік, лудомания;
9) теріс бейресми балалар-жастар топтары мен бірлестіктеріне, теріс жастар субмәдениеттеріне қатысу;
10) діни ағымдар мен радикалды көзқарастарды ұстану.
23. МЕА туралы шешім жауапты адамның өтініші бойынша сынып жетекшісінің, психологиялық қызмет мамандарының оң мінездемесі негізінде, сондай-ақ басқа да объективті себептермен (көшу, оқу орнын ауыстыру) Профилактикалық кеңестің отырысында қабылданад.
24. МЕА-да тұрған білім алушыны басқа білім беру ұйымына ауыстырған жағдайда жүргізілген профилактикалық жұмыс туралы ақпарат өңірдің білім басқармасы органының әдістемелік қызметі бекіткен алгоритмге сәйкес оқу орны бойынша берілетіні айтып, оқушыларды тәртіп бұзбауға шақырды.
Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.
ҚАУІПСІЗДІК САҒАТЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА !!! ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ🚏🚦
Шу ауданы білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде балаларды зорлық -зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен саламаттылығын , қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 9-тармағына сәйкес, ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні 1-4 сынып оқушыларының жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету, жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыру, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажетті екенін түсіндіру мақсатында Шу АПБ-нің ЖПҚб-нің ЮПТ
полиция аға лейтенанты Кусайнов Мақсат Мусабекович 1-4 сынып оқушыларымен "Жол ережесін естен шығарма ,жасөспірім!" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізсе, мектеп медбикесі жол апаты кезінде алғашқы көрсетілетін көмектің түрлерімен таныстырып өтті.
Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың «2» қыркүйек күні Шу аудандық ПБ-нің ЖПКБ ЮПТ УПИ-ның полиция аға лейтенанты Кусайынов Максат Мусабекович жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу мақсатында білім алушылар арасында "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі" ,Жол ережесін біліп жүр,жасөспірім" тақырыбында 1-11 сынып оқушыларымен профилактикалық жұмыс жүргізді.
Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.
 
 
 
 
 
 
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ