Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
📌 2025 жылдың 16 қарашасы күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен қолға алынған *БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау* және «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық ақпараттық науқаны аясында "Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі» тақырыбында
маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шу аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының полицейі, полиция аға лейтенанты Кусайнов Максат Мусабекович арнайы шақырылып, 5–11 сынып оқушыларымен кездесті.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
– Оқушылар арасында мектепішілік әлімжеттік, зорлық-зомбылық, қараусыздық және құқық бұзушылықтың алдын алу;
– Балаларға құқықтық сауаттылықты түсіндіру;
– Қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.
Кездесу барысында полиция инспекторы:
🔹 Мектептегі әлімжеттік (буллинг) дегеніміз не екенін түсіндірді;
🔹 Буллингтің психологиялық және құқықтық салдарларын мысалдармен көрсетті;
🔹 ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі мен Қылмыстық кодексіндегі кәмелетке толмағандарға қатысты баптарды таныстырды;
🔹 Жәбірлеуші мен жәбірленушінің құқығы туралы айтып өтті. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға инспектор нақты әрі мазмұнды жауап беріп, өз құқықтарын қорғау жолдарын түсіндірді. Әсіресе балаларға қандай жағдайларда ата-аналар, мектеп әкімшілігі немесе құқық қорғау органдарына жүгіну қажет екенін айтып өтті.
Кездесу барысында оқушылар заң алдындағы жауапкершілік, достық қарым-қатынас, өзара сыйластық туралы маңызды ақпарат алды. Жоғарыда аталған іс-шара оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға және мектеп ішіндегі зорлық-зомбылықты болдырмауға бағытталған.
Возможно, это изображение текст "ЭЛΙМЖЕΤΤΙК БОПСАЛАУ жол бермейк Элимжеттк дегени дегенимне? не? Бопсалау деген не? Элим лимжеттк адамнын баска адамды сезбеннемесе сезбен немесе дене кушимен кушменкорлал,жабирлеу.Б корлап, жабрлеу. Бул когамда, мектепте умыс орнында HeMece уиде орнынданемесеуйдеоры орын алуы алуымумк Мумкн. Бопсалау бар адамнын немесе топтын6 back адамды коркытып коркинтып,оныц,мулкн онын MYAKIH немесежекеакпаратыналу алу немесе аклараты YUJIH, одан акша Hemece немесебаск баска да иплктер лап туг."Возможно, это изображение учеба и текстВозможно, это изображение учебаВозможно, это изображение один или несколько человек и люди учатсяНет описания фото.
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде "Заң және Тәртіп" идеологемасын ілгерілету аясында 20 қараша күні 7–11 сынып оқушылары арасында “Полиция мен балалар – қауіпсіздік үшін бірге” тақырыбында мазмұндама жұмыстары ұйымдастырылды.
Оқушылар полиция қызметінің қоғамдағы маңызы мен балалардың өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосатын үлесі жөнінде ой қозғап, өз жұмыстарын нақты әрі мазмұнды жеткізуге талпынды.
Мазмұны терең, тұжырымды жазған оқушылар ерекше атап өтілді.
А.С.Макаренко атындағы орта мектебі — қауіпсіз орта қалыптастыруда өз үлесін қосуын жалғастырады
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, детская игрушка и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру жұмысының жылдық жоспарына сәйкес кәсіптік бағдар беру педагогы : К.Курамаева мектебіміздің 9”А”,9”Ә”,9”Б” сынып оқушыларымен Шу қаласында орналасқан “Шу станциясы көліктегі полиция мекемесіне” ашық есік күнін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында полиция аға лейтенанты: Башаров Абзал Арарұлы оқушыларға полиция бөлімінің қызмет бағыттары,мамандық ерекшіліктері,жұмыс тәртібі мен қойылатын талаптар туралы толық ақпараттар берді.Сонымен қатар оқушылар сұрақтар қойып,өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша мамандардан нақты жауаптарын алды.
Іс-шара мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандықтары туралы түсінігін кеңейту,құқық қорғау саласы туралы ақпарат беру.Болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт беру,мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Нет описания фото.Возможно, это изображение текст "IHu POLISIA"Возможно, это изображение текстВозможно, это изображение стендовая стрельбаНет описания фото.
РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА!!! Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде рейдтік іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1098 бұйрығына сәйкес, кәмелетке жасы толмағандардың мезгілсіз уақытта жүруін, сабақтан жалтаруын және кұқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 21,25 қараша күндері күндізгі және түнгі рейд ұйымдастырылады.
📌 Рейд барысында кеңес мүшелері және басқа да мектеп қызметкерлері әр аптаның бейсенбі күндері күндіз сағат 11:00-14:00-ге дейін орталық базарында, темір жол бекетінде, ойын -сауық орталықтарында ,сабақтан жалтарған оқушыларды анықтау және қадағалауды қажет ететін отбасылардың жағдайымен танысу мақсатында рейд жүргізсе, түнгі рейд барысында заңды өкілінсіз жүрген балаларды анықтау мақсатында түнгі сағат 22:00-00:00 аралығында ойын –сауық орталықтары мен қала көшелері, темір жол бекетіне мектеп қызметкерлері мен Шу АПБ-нің полиция инспекторы М.Құсайновпен бірлесе рейд жұмысын жүргізді. 📌 Рейдтік іс-шаралар келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
2. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу;
3. Темекі шегу, ішімдік ішу, электронды темекі, вейп қолдану, құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу;
4. Көңіл көтеретін орындар , компьютерлік клубтарда және өзге де қоғамдық орындарда оқушылардың болуын анықтау. 📌 Жасөспірім,есіңізде болсын, Сіздің амандығыңыз БІЗ үшін маңызды!
ЕСКЕРТПЕ!!! ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылық анықталған жағдайда ,олардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделетіндігі ескертіледі. 
Нет описания фото.Возможно, это изображение один или несколько человекВозможно, это изображение один или несколько человек и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и фруктНет описания фото.Нет описания фото.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ