Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
«Сана қалыптасар шақта дұрыс діни тәрбие – өмірлік жолдың шамшырағы» 📝 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко орта мектебінің 6-10 сынып оқушыларының діни сауаттылығын арттыру, дін туралы түсінігін кеңейту, діни ағымдардан сақтану туралы түсініктерін кеңейту мақсатында 12 желтоқсан күні «ДПЗО»“Дін проблемаларын зерттеу орталығы” КММ-нің теолог маманы Н.Бахтиярмен «Дін және ұлттық тәрбие» тақырыбында кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, жат діни ағымдардан сақтандыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Кездесу барысында теолог маман:
- Қазақстанда ресми тіркелген дәстүрлі діндер туралы;
- Радикалды діни ағымдардың белгілері мен зардаптары туралы;
- Жасөспірімдердің интернет кеңістігінде сақ болуы;
- Дін мен дәстүр сабақтастығы жөнінде терең әрі нақты ақпараттар берді.
- 💬 Оқушылар тарапынан көкейкесті сұрақтар қойылып, теолог маман тарапынан жан-жақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, діни тақырыптарда бейтаныс адамдармен байланыс орнатпау, күмәнді сайттар мен парақшаларға кірмеу туралы ескертіліп, 📹 тақырып аясында төрт минуттан тұратын бейне ролик көрсетілді. Теолог маманы ролик бойынша оқушылардан ойларын сұрап, әр іс-әрекетте дұрыс шешім шығару керектігін айтып өтті.
Ұйымдастырылған іс-шара оқушылардың дін туралы білімін кеңейтті, жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға ықпал етті.
 Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и текст
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ