А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде "Заң және Тәртіп" идеологемасын ілгерілету аясында 20 қараша күні 7–11 сынып оқушылары арасында “Полиция мен балалар – қауіпсіздік үшін бірге” тақырыбында мазмұндама жұмыстары ұйымдастырылды.
Оқушылар полиция қызметінің қоғамдағы маңызы мен балалардың өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосатын үлесі жөнінде ой қозғап, өз жұмыстарын нақты әрі мазмұнды жеткізуге талпынды.
Мазмұны терең, тұжырымды жазған оқушылар ерекше атап өтілді.




