Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
Оқушы қыздармен жұмыс жүргізудің ең маңызды әдісі – кеңес беру!!!
🏫 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде Баланың зорлық– зомбылықтан қорғау ,суицидтің алдын алу және олардың саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 31 .08.2023ж. № 748 қаулысына сәйкес, кәмелетке жасы толмаған оқушы қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алуға байланысты түсініктерін қалыптастыру отырып, денсаулықты сақтауға бағытталған жауапты шешім қабылдай білуге тәрбиелеу мен медициналық сауаттылықты арттыру мақсатында Шу қалалық емханасының жастар денсаулық орталығының маманы Оспанова Есен Алмешовна "Репродуктивті денсаулықты сақтау мен өнегелі жыныстық тәрбие"тақырыбында ақпараттық- түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
🧠Кездесу барысында Оспанова Есен Алмешовна
- жасөспірімдер арасында жиі кездесетін ерте жүктіліктің себептері мен салдарын түсіндірді;
- ерте жүктіліктің физикалық және психологиялық тұрғыдан қыз балаға тигізетін зиянды жақтарына тоқталды;
- өз-өзін бағалау, жеке шекара, өмірлік маңызы бар шешім қабылдау тақырыптарында кеңес берді;
- санитарлық-гигиеналық тәртіп пен репродуктивті денсаулықты сақтау жолдары жайында мағлұмат берді.
Кездесу сұрақ-жауап форматында жүргізілді.Іс-шара барысында
қыз балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Маман барлық сұрақтарға кәсіби тұрғыдан жауап беріп, сенімді қарым-қатынас орната білді.
📘 Е.Оспанова жасөспірімдер үшін маңызды тақырыптарды қозғап, қыздарды болашақта денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Алдағы уақытта да жоғарыда аталған бағыттағы кездесулер жалғасын табатын болады.
Возможно, это изображение текст "O комИ APTN Bnon KNG <РЕПРОДУКТИВТΙ ДЕНСАУЛЫК» >> ТАкЫРЫБЫ БОЙЫНША АКПАРАТТЫΚ- 如 ТУСИНДИРУ ЖУМЫСТАРЫ"Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и люди учатсяВозможно, это изображение один или несколько человек
БУЛЛИНГ және БОЛАШАҚ. 👮🏫 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде Баланың зорлық– зомбылықтан қорғау ,суицидтің алдын алу және олардың саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 31 .08.2023ж. № 748 қаулысына сәйкес, мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерімен мектеп инспекторы, полиция аға лейтенанты М.Құсайнов «Буллинг пен кибербуллингтің салдары» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмысын жүргізді.
🗣️Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілер арасында қауіпсіз орта қалыптастыру, буллинг пен кибербуллинг әрекеттерінің алдын алу, оның салдары мен заңдық жауапкершілігі жөнінде ақпарат беру.
🚨Кездесу барысында инспектор М.Құсайнов тәрбиеленушілерге буллингтің түрлері (психологиялық, физикалық, әлеуметтік, кибербуллинг) туралы нақты мысалдар келтіріп, олардың бала психологиясына тигізетін кері әсерін түсіндірді. Сонымен қатар, киберкеңістіктегі қауіпсіздік ережелері, әлеуметтік желілерде этикалық нормаларды сақтау, агрессия мен қудалау әрекеттерінің заңмен қудаланатыны туралы айтты. Тәрбиеленушілер тақырып аясында сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Инспектор оларға қажет болған жағдайда кімге жүгіну керек екендігін, мектеп пен құқық қорғау органдары тарапынан көмек алуға болатынын түсіндіріп өтті
Возможно, это изображение текстВозможно, это изображение учеба, детская игрушка и текстВозможно, это изображение учеба и столВозможно, это изображение учеба, стол и текст
РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА!!! Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде рейдтік іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1098 бұйрығына сәйкес, кәмелетке жасы толмағандардың мезгілсіз уақытта жүруін, сабақтан жалтаруын және кұқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 4,11,15,16 желтоқсан күндері күндізгі және түнгі рейд ұйымдастырылады.
📌 Рейд барысында кеңес мүшелері және басқа да мектеп қызметкерлері әр аптаның бейсенбі күндері күндіз сағат 11:00-14:00-ге дейін орталық базарында, темір жол бекетінде, ойын сауық орталықтарында ,сабақтан жалтарған оқушыларды анықтау және қадағалауды қажет ететін отбасылардың жағдайымен танысу мақсатында рейд жүргізсе, түнгі рейд барысында заңды өкілінсіз жүрген балаларды анықтау мақсатында түнгі сағат 22:00-00:00 аралығында ойын –сауық орталықтары мен қала көшелері, темір жол бекетіне мектеп қызметкерлері рейд жұмысын жүргізді. 📌 Рейдтік іс-шаралар келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
2. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу;
3. Темекі шегу, ішімдік ішу, электронды темекі, вейп қолдану, құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу;
4. Көңіл көтеретін орындар , компьютерлік клубтарда және өзге де қоғамдық орындарда оқушылардың болуын анықтау. 📌 Жасөспірім,есіңізде болсын, Сіздің амандығыңыз БІЗ үшін маңызды!
ЕСКЕРТПЕ!!! ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылық анықталған жағдайда ,олардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделетіндігі ескертіледі.
Возможно, это изображение один или несколько человекВозможно, это изображение один или несколько человекНет описания фото.Возможно, это изображение один или несколько человек, борода и текстВозможно, это изображение текст "วอ POLISIA 국대용"Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
«Сана қалыптасар шақта дұрыс діни тәрбие – өмірлік жолдың шамшырағы» 📝 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко орта мектебінің 6-10 сынып оқушыларының діни сауаттылығын арттыру, дін туралы түсінігін кеңейту, діни ағымдардан сақтану туралы түсініктерін кеңейту мақсатында 12 желтоқсан күні «ДПЗО»“Дін проблемаларын зерттеу орталығы” КММ-нің теолог маманы Н.Бахтиярмен «Дін және ұлттық тәрбие» тақырыбында кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, жат діни ағымдардан сақтандыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Кездесу барысында теолог маман:
- Қазақстанда ресми тіркелген дәстүрлі діндер туралы;
- Радикалды діни ағымдардың белгілері мен зардаптары туралы;
- Жасөспірімдердің интернет кеңістігінде сақ болуы;
- Дін мен дәстүр сабақтастығы жөнінде терең әрі нақты ақпараттар берді.
- 💬 Оқушылар тарапынан көкейкесті сұрақтар қойылып, теолог маман тарапынан жан-жақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, діни тақырыптарда бейтаныс адамдармен байланыс орнатпау, күмәнді сайттар мен парақшаларға кірмеу туралы ескертіліп, 📹 тақырып аясында төрт минуттан тұратын бейне ролик көрсетілді. Теолог маманы ролик бойынша оқушылардан ойларын сұрап, әр іс-әрекетте дұрыс шешім шығару керектігін айтып өтті.
Ұйымдастырылған іс-шара оқушылардың дін туралы білімін кеңейтті, жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға ықпал етті.
 Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и текст
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ