Құмар ойын – бір сәттік қызық, ал оның соңы – өкініш пен тәуелділік. Жасөспірім санасы бұл тұзақтан сақ болуы керек.»
-
2025 жылдың 18 желтоқсан күні А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде оқушылар арасында лудоманияның зияны туралы түсінік қалыптастыру мақсатында арнайы қысқа метражды фильм көрсетілді.
-
Фильм көрсетілмес бұрын, мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушыларға «Лудомания дегеніміз не?» тақырыбында түсіндірме қысқаша түсінік беріп өтті. Р.Исмаилова өз сөзінде лудоманияның – құмар ойындарына тәуелділік екенін, бұл тәуелділіктің адам психикасына, мінез-құлқына, оқу үлгеріміне және отбасылық қарым-қатынасқа кері әсер ететінін айтты. Сонымен қатар, заң жүзінде жасөспірімдердің ойын бизнесіне қатысуы *тыйым салынғанын*, мұндай әрекеттер құқықтық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.
Фильм барысында:
--
Лудоманияның себептері мен белгілері,
- Оқушы жастағы балалар үшін оның зиянды салдары,
- Қоғам мен отбасы алдындағы жауапкершілік тақырыптары қозғалды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ойынқұмарлықтың алдын алу, жауапкершілік пен сана қалыптастыру,уақытты пайдалы істерге бағыттауға үндеу.
-
Оқушылар фильмнен кейін өз ойларымен бөлісіп, тақырып аясында сұрақтар қойып, пікір алмасты.







