2025 жылдың 19 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында кауіп төніп тұрғаны туралы сигнал беретін, балаларға арналған тану, ым-ишараның белгілерінің сөздерінің бірыңғай тізбелерін оқушыларға таныстырылды. Атап айтатын болсам, қол қимылдары арқылы зорлық-зомбылықтан сақтау немесе көмек сұрау белгісі соңғы жылдары маңызды тақырыпқа айналғанынын, әлемде зорлық- зомбылыққа ұшыраған адамдар үнсіз көмек сұрай алатын арнайы қол қимылдары қолданатынын, мұндай белгілер кез келген адамның тез түсінуі және тиісті көмек
көрсетуі үшін ойластырылғанын айтып, түрлі белгілерге тоқсатлды. 1.Зорлық-зомбылықтан сақтау белгісі (Signal for Help)
2. Қолыңызды алаканыңыз сыртқа қарап, жоғары көтеріңіз (жартылай ашық қол).
3. "SOS" жазуы немесе белгілері:
4. Қол қимылымен "3" белгісі:
Үш саусақты көтеріп, алақаныңызды сыртқа қарату көмекке мұқтаж екендігіңізді білдіруі мүмкін (белгілі контексттерде).
5. Тыныштықты білдіретін саусақ:
Саусақпен ерінді басу немесе "үнсіз болу" әрекетін көрсету жасырын түрде көмек сұраудың белгісі болуы мүмкін. Жоғарыда
аталған белгілер зорлық-зомбылықтың құрбаны болған адамға каутсіздік пен құпиялылықты сақтай отырып көмекке қол жеткізуге мүмкіндік беретінін түсіндіріп, оқушылар арасында шағын қойлым көрсетті. Қойылымда көрсетілген жағдайға тап болсаңыз, дұрыс түсініп, тиісті органдарға
хабарлау немесе тікелей көмектесу маңызды екенін түсіндірді.







