Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
2025 жылдың желтоқсан айында Шу ауданы білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде Баланың зорлық– зомбылықтан қорғау ,суицидтің алдын алу және олардың саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 31 .08.2023ж. № 748 қаулысына сәйкес, 6–11 сынып оқушыларына арналған есірткіге қарсы бағытталған түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шараны Шу АПБ-нің учаскелік полиция қызметкерлері Атықай Мадияр Даниярұлы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты:
– Жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру;
– Зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру;
– Салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру.
Іс-шара барысында қызметкерлер
🔹 Қызметкерлер оқушыларға есірткінің зияны туралы бейнеролик көрсетті;
🔹 Ролик соңында оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, пікір алмасты;
🔹 Есірткінің адам ағзасына, психикалық саулығына және болашағына зиянды әсері кеңінен түсіндірілді;
🔹 Құқықтық жауапкершілік туралы нақты заң аясында ақпарат берілді;
🔹 Шынайы өмірден алынған мысалдар келтіріліп, жастардың санасына әсер етуге тырысты;
🔹 Әр оқушыға есірткіден сақтануға арналған жадынама таратылды.
Іс-шара соңында учаскелік полиция инспекторы оқушылардың есірткіге деген көзқарасына оң әсер етіп, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақырды. Салауатты өмір салты — әр адамның денсаулығы мен табысты болашағының кепілі екені ерекше атап өтті.
Возможно, это изображение текст ".3 O болашак!"Возможно, это изображение текстВозможно, это изображение помост
РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА!!! Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде рейдтік іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1098 бұйрығына сәйкес, кәмелетке жасы толмағандардың мезгілсіз уақытта жүруін, сабақтан жалтаруын және кұқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 4,11,15,16,22,29,30,31 желтоқсан күндері күндізгі және түнгі рейд ұйымдастырылады.
📌 Рейд барысында кеңес мүшелері және басқа да мектеп қызметкерлері әр аптаның бейсенбі күндері күндіз сағат 11:00-14:00-ге дейін орталық базарында, темір жол бекетінде, ойын сауық орталықтарында ,сабақтан жалтарған оқушыларды анықтау және қадағалауды қажет ететін отбасылардың жағдайымен танысу мақсатында рейд жүргізсе, түнгі рейд барысында заңды өкілінсіз жүрген балаларды анықтау мақсатында түнгі сағат 22:00-00:00 аралығында ойын –сауық орталықтары мен қала көшелері, темір жол бекетіне мектеп қызметкерлері рейд жұмысын жүргізді. 📌 Рейдтік іс-шаралар келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
2. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу;
3. Темекі шегу, ішімдік ішу, электронды темекі, вейп қолдану, құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу;
4. Көңіл көтеретін орындар , компьютерлік клубтарда және өзге де қоғамдық орындарда оқушылардың болуын анықтау. 📌 Жасөспірім,есіңізде болсын, Сіздің амандығыңыз БІЗ үшін маңызды!
ЕСКЕРТПЕ!!! ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылық анықталған жағдайда ,олардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделетіндігі ескертіледі. #Рейд #Актуальные #Шу_ауданы_білім_бөлімі #Түнгі_рейд
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
Возможно, это изображение один или несколько человек
Возможно, это изображение текст
Возможно, это изображение текст
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ