2025 жылдың желтоқсан айында Шу ауданы білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде Баланың зорлық– зомбылықтан қорғау ,суицидтің алдын алу және олардың саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 31 .08.2023ж. № 748 қаулысына сәйкес, 6–11 сынып оқушыларына арналған есірткіге қарсы бағытталған түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шараны Шу АПБ-нің учаскелік полиция қызметкерлері Атықай Мадияр Даниярұлы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты:
– Жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру;
– Зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру;
– Салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру.
Іс-шара барысында қызметкерлер
Іс-шара соңында учаскелік полиция инспекторы оқушылардың есірткіге деген көзқарасына оң әсер етіп, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақырды. Салауатты өмір салты — әр адамның денсаулығы мен табысты болашағының кепілі екені ерекше атап өтті.





