Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
2025 жылдың 19 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында кауіп төніп тұрғаны туралы сигнал беретін, балаларға арналған тану, ым-ишараның белгілерінің сөздерінің бірыңғай тізбелерін оқушыларға таныстырылды. Атап айтатын болсам, қол қимылдары арқылы зорлық-зомбылықтан сақтау немесе көмек сұрау белгісі соңғы жылдары маңызды тақырыпқа айналғанынын, әлемде зорлық- зомбылыққа ұшыраған адамдар үнсіз көмек сұрай алатын арнайы қол қимылдары қолданатынын, мұндай белгілер кез келген адамның тез түсінуі және тиісті көмек
көрсетуі үшін ойластырылғанын айтып, түрлі белгілерге тоқсатлды. 1.Зорлық-зомбылықтан сақтау белгісі (Signal for Help)
2. Қолыңызды алаканыңыз сыртқа қарап, жоғары көтеріңіз (жартылай ашық қол).
3. "SOS" жазуы немесе белгілері:
4. Қол қимылымен "3" белгісі:
Үш саусақты көтеріп, алақаныңызды сыртқа қарату көмекке мұқтаж екендігіңізді білдіруі мүмкін (белгілі контексттерде).
5. Тыныштықты білдіретін саусақ:
Саусақпен ерінді басу немесе "үнсіз болу" әрекетін көрсету жасырын түрде көмек сұраудың белгісі болуы мүмкін. Жоғарыда
аталған белгілер зорлық-зомбылықтың құрбаны болған адамға каутсіздік пен құпиялылықты сақтай отырып көмекке қол жеткізуге мүмкіндік беретінін түсіндіріп, оқушылар арасында шағын қойлым көрсетті. Қойылымда көрсетілген жағдайға тап болсаңыз, дұрыс түсініп, тиісті органдарға
хабарлау немесе тікелей көмектесу маңызды екенін түсіндірді.
Возможно, это изображение один или несколько человек и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, помост и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, помост и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, помост и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, помост и текст
"МЕКТЕПТЕГІ КІШІ ҚЫЗМЕТКЕР – ОҚУШЫ ТӘРТІБІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МАҢЫЗДЫ ТҰЛҒА"
📌 " Буллингтің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл " тақырыбында іс-шара (кіші қызметкерлер арасында)
📅 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы,Шу ауданы білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектепте мектептің кіші қызметкерлері арасында «Буллингтің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» тақырыбында түсіндіру семинары өткізілді.
🎯 Мақсаты: мектеп ұжымының барлық мүшелеріне, соның ішінде кіші қызметкерлерге де буллинг ұғымын түсіндіру, білім беру мекемесіндегі әр балаға қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыруда олардың да рөлін арттыру.
👥 Іс-шара ұйымдастырушылары:мектептің психологі Кантарбаева Ж.О. мен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары .
📚 Іс-шара барысында қарастырылған тақырыптар:
- Буллингтің түрлері: психологиялық , физикалық , әлеуметтік , кибербуллинг ;
- 🏫 Мектеп аумағында (дәліз, асхана, аула, дәретхана т.б.) орын алуы мүмкін буллинг жағдайлары;
- 👨‍🔧 Кіші қызметкерлердің мектептегі тәртіп пен қауіпсіз орта сақтаудағы міндеттері;
- 📞 Қандай жағдайда және кімге хабарлау қажет;
- 🤝 Оқушыға дөрекі сөйлемеу, жеке тұлға ретінде құрмет көрсету маңыздылығы. Семинар барысында нақты мысалдар арқылы түсіндіру жүргізіліп, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, буллингке куә болған немесе күмәнданған жағдайда кіші қызметкерлердің қандай әрекет жасау(АЛГОРИТМ) керектігі таныстырылды. Сонымен қатар, семинардың басында қатысушыларға бастапқы (кіру) тестілеу мақсатында сауалнама жүргізілді.
Возможно, это изображение помост и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и больницаВозможно, это изображение один или несколько человек и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, очки для зрения, больница и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и люди учатсяВозможно, это изображение один или несколько человек и люди учатсяВозможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и больница
Құмар ойын – бір сәттік қызық, ал оның соңы – өкініш пен тәуелділік. Жасөспірім санасы бұл тұзақтан сақ болуы керек.»
- 🏫 2025 жылдың 18 желтоқсан күні А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде оқушылар арасында лудоманияның зияны туралы түсінік қалыптастыру мақсатында арнайы қысқа метражды фильм көрсетілді.
- 📘 Фильм көрсетілмес бұрын, мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушыларға «Лудомания дегеніміз не?» тақырыбында түсіндірме қысқаша түсінік беріп өтті. Р.Исмаилова өз сөзінде лудоманияның – құмар ойындарына тәуелділік екенін, бұл тәуелділіктің адам психикасына, мінез-құлқына, оқу үлгеріміне және отбасылық қарым-қатынасқа кері әсер ететінін айтты. Сонымен қатар, заң жүзінде жасөспірімдердің ойын бизнесіне қатысуы *тыйым салынғанын*, мұндай әрекеттер құқықтық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.
Фильм барысында:
-- ⛔ Лудоманияның себептері мен белгілері,
- Оқушы жастағы балалар үшін оның зиянды салдары,
- Қоғам мен отбасы алдындағы жауапкершілік тақырыптары қозғалды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ойынқұмарлықтың алдын алу, жауапкершілік пен сана қалыптастыру,уақытты пайдалы істерге бағыттауға үндеу.
- 💬 Оқушылар фильмнен кейін өз ойларымен бөлісіп, тақырып аясында сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Возможно, это изображение текстВозможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текстВозможно, это изображение ‎учеба и ‎текст "‎دكا- a> TDO НиЯ 15300 Лудомания (лат. ludo влечение), игромания, игровая gambling —игра играна деньги) заключается частых повторны доминируют ВжИзн жизНи ЧЕЛОЕ рофессиональных, еΕ уделяет дОЛжного внимания св‎"‎‎Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст "Henmyn Эрем Уран"Возможно, это изображение учеба и текст
2025 жылдың 22 желтоқсан күні Жамбыл облысы, Шу ауданы, А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында танымдық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға Шу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Пермебаев Марлен Берікбайұлы қатысты.
🗣️ Кездесу барысында маман оқушыларға Жаңа жыл мерекесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндірді. Жасанды шыршалардың құрамындағы тез жанғыш заттар мен бенгал шамдары сияқты элементтердің аса қауіпті екенін айтты. Әсіресе шырша жанған жағдайда оның улы түтіні балалардың денсаулығына елеулі зиян келтіретінін ескертті.
🚨Сонымен қатар, «Тайғақ жолда абайла» тақырыбында қысқы мезгілдегі қауіпсіздік ережелеріне арналған бейнеролик көрсетілді. - 📹 Бейнематериал арқылы оқушыларға көшеде, қоғамдық орындарда және үй жағдайында тайғақ кезінде өзін-өзі ұстау, жарақаттан сақтану жолдары түсіндірілді.
🧯Іс-шара барысында «Балалардың отпен ойнауы» тақырыбында ЖАДЫНАМА таратылып, отпен ойнаудың салдары туралы нақты мысалдар келтірілді.
Сондай-ақ, мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары апатты жағдай кезіндегі іс-әрекет, дұрыс тыныс алу техникасы, алғашқы көмек көрсету сияқты маңызды мәліметтермен бөлісті. Оқушыларға өрт сөндіру құрылғыларының түрлері көрсетіліп, олардың қолдану тәртібі таныстырылды.
Іс-шараның мақсаты:
- Оқушыларға төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерді үйрету;
- Өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттілігін түсіндіру;
- Қыс мезгілінде өзін-өзі қорғау мәдениетін қалыптастыру;
- Алғашқы көмек көрсету дағдыларын дамыту.
Возможно, это изображение текстВозможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и текстВозможно, это графический образ (новогодняя елка и текст)
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ