2025 жылдың 22 желтоқсан күні Жамбыл облысы, Шу ауданы, А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында танымдық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға Шу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Пермебаев Марлен Берікбайұлы қатысты.
Сондай-ақ, мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары апатты жағдай кезіндегі іс-әрекет, дұрыс тыныс алу техникасы, алғашқы көмек көрсету сияқты маңызды мәліметтермен бөлісті. Оқушыларға өрт сөндіру құрылғыларының түрлері көрсетіліп, олардың қолдану тәртібі таныстырылды.
Іс-шараның мақсаты:
- Оқушыларға төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерді үйрету;
- Өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттілігін түсіндіру;
- Қыс мезгілінде өзін-өзі қорғау мәдениетін қалыптастыру;
- Алғашқы көмек көрсету дағдыларын дамыту.






