Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛУ _ӨЗІҢДІ ҚОРҒАУ!!!
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің өз құқықтары мен міндеттері жөніндегі білім деңгейін анықтау, азаматтық белсенділікті арттыру, құқықтық мәдениет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Сауалнамаға 7–10 сынып аралығындағы оқушылар қатысып, өз ойларын ашық әрі еркін түрде білдірді. Оқушылардан келесі бағыттар бойынша жауаптар алынды:
- Қазақстан Республикасы Конституциясындағы бала құқықтары туралы білімі;
- Құқық бұзушылық пен оның салдары туралы түсінігі;
- Өз құқықтары бұзылған жағдайда кімге жүгіну керектігі жөніндегі сауаттылығы;
- Мектептегі құқықтық тәрбие жұмыстарының әсері туралы пікірі.Сауалнама нәтижесінде оқушылардың басым көпшілігі өз құқықтары туралы жақсы білетінін көрсетті. Олар білім алу, еркін ой айту, жеке өмірге қол сұқпаушылық, демалыс және қауіпсіздік құқықтарын атай алды. Сонымен қатар, кейбір оқушылар құқықтық көмекті қайдан және қалай алуға болатынын нақты айтып өтті.Жылдық жұмыс жоспарға сәйкес , оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында алдағы уақытта да түрлі тренингтер мен ақпараттық сабақтар,түсіндірме жұмыстары уәкілетті мамандарды шақыру арқылы ұйымдастырылды.
Сауалнама оқушылардың құқықтық білім деңгейін айқындауға мүмкіндік берді және бұл бағыттағы жұмыстың әрі қарай жалғасуы маңызды екенін көрсетті.



МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ !!!
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде
2025 жылдың 23 қазан күні Шу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитандары, инженерлік және бөлімнің медицина қызметкерлері мектеп оқушыларымен мектептің ауласында кездесу өткізді.
Кездесу барысында мамандар оқушыларға өрттің алдын алу ережелері, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету тәртібі және өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Бұл мәліметтер тәжірибе жүзінде көрсетілді. Практикалық сабақ барысында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы түсіндіріліп, арнайы құрылғыларды дұрыс пайдалану жолдары көрсетілді.
Практикалық бөлімнен кейін Шу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Пермебаев Марлен Берікбайұлы «Түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі оқушылардың іс-қимылдары» тақырыбында дәріс оқыды. Ол оқушыларға қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі әрекет алгоритмін түсіндірді.
Іс-шараның мақсаты:
– Оқушыларды өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру;
– Қауіпті жағдайлардан сақтануға баулу; – Өрт сөндіру құрал-жабдықтарының жұмыс тәртібімен таныстыру.
Кездесу соңында оқушыларға қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылып, төтенше жағдай туындаған кезде «101» өртке қарсы қызметіне немесе «112» жедел құтқару қызметіне қоңырау шалу керектігі ескертілді.





РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА!!! Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде рейдтік іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1098 бұйрығына сәйкес, кәмелетке жасы толмағандардың мезгілсіз уақытта жүруін, сабақтан жалтаруын және кұқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 16, 23 қазан күндері күндізгі және түнгі рейд ұйымдастырылады.
1. Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
2. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу;
3. Темекі шегу, ішімдік ішу, электронды темекі, вейп қолдану, құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу;
4. Көңіл көтеретін орындар , компьютерлік клубтарда және өзге де қоғамдық орындарда оқушылардың болуын анықтау.
Жасөспірім,есіңізде болсын, Сіздің амандығыңыз БІЗ үшін маңызды!
ЕСКЕРТПЕ!!! ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылық анықталған жағдайда ,олардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделетіндігі ескертіледі.






РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА!!! Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде рейдтік іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1098 бұйрығына сәйкес, кәмелетке жасы толмағандардың мезгілсіз уақытта жүруін, сабақтан жалтаруын және кұқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 30 қазан күні түнгі рейд және қадағалауды қажет ететін отбасылардың үйіне рейд ұйымдастырылады.
1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу;
3. Темекі шегу, ішімдік ішу, электронды темекі, вейп қолдану, құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу;
4. Көңіл көтеретін орындар , компьютерлік клубтарда және өзге де қоғамдық орындарда оқушылардың болуын анықтау.
Жасөспірім,есіңізде болсын, Сіздің амандығыңыз БІЗ үшін маңызды!
ЕСКЕРТПЕ!!! ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылық анықталған жағдайда ,олардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделетіндігі ескертіледі.








© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ


