Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛУ _ӨЗІҢДІ ҚОРҒАУ!!!
📌Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 23 қазаны күні мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында оқушылар арасында сауалнама жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің өз құқықтары мен міндеттері жөніндегі білім деңгейін анықтау, азаматтық белсенділікті арттыру, құқықтық мәдениет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Сауалнамаға 7–10 сынып аралығындағы оқушылар қатысып, өз ойларын ашық әрі еркін түрде білдірді. Оқушылардан келесі бағыттар бойынша жауаптар алынды:
- Қазақстан Республикасы Конституциясындағы бала құқықтары туралы білімі;
- Құқық бұзушылық пен оның салдары туралы түсінігі;
- Өз құқықтары бұзылған жағдайда кімге жүгіну керектігі жөніндегі сауаттылығы;
- Мектептегі құқықтық тәрбие жұмыстарының әсері туралы пікірі.Сауалнама нәтижесінде оқушылардың басым көпшілігі өз құқықтары туралы жақсы білетінін көрсетті. Олар білім алу, еркін ой айту, жеке өмірге қол сұқпаушылық, демалыс және қауіпсіздік құқықтарын атай алды. Сонымен қатар, кейбір оқушылар құқықтық көмекті қайдан және қалай алуға болатынын нақты айтып өтті.Жылдық жұмыс жоспарға сәйкес , оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында алдағы уақытта да түрлі тренингтер мен ақпараттық сабақтар,түсіндірме жұмыстары уәкілетті мамандарды шақыру арқылы ұйымдастырылды.
Сауалнама оқушылардың құқықтық білім деңгейін айқындауға мүмкіндік берді және бұл бағыттағы жұмыстың әрі қарай жалғасуы маңызды екенін көрсетті.
Возможно, это изображение текстВозможно, это изображение один или несколько человекВозможно, это изображение один или несколько человек и больница
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ