Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
Жол ережесін білейік, аман есен жүрейік!!!
🏫 2025 жылдың қараша айында Жамбыл облысы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде мектеп оқушылары арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлескен "Жол ережесін сақта,жасөспірім!" тақырыбында практикалық түсіндірме жұмысы жүргізілді.
👮 Іс-шара барысында мектеп инспекторы мен патрульдік полиция қызметкерлері оқушыларға *жол жүру ережелерінің маңызы*, жаяу жүргіншілердің қозғалыс тәртібі, жол белгілерінің мағынасы, сондай-ақ мектеп маңындағы жолдан дұрыс өту жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Балалармен жол қозғалысының дұрыс үлгісі* көрсетіліп, түрлі жағдаяттар бойынша практикалық іс-шаралар көрсетілді.
Негізгі қарастырылған тақырыптар:
- Жол белгілерін танып, қолдану дағдыларын қалыптастыру;
- Өзін-өзі жолда қауіпсіз ұстау тәсілдері;
- Қауіпті аймақтар мен жол бойындағы негізгі ережелер.
Іс-шара барысында оқушылар жол ережелері бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. 🗣️ Іс-шара соңында полиция қызметкері мектеп оқушыларына бейне үндеу жолдады. Үндеу мазмұны:
Полиция қызметкерлері оқушыларға жолда абай болу, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жаяу жүргіншілер жолағынан ғана өту, құлаққап пен телефон қолданудан аулақ болу туралы үндеу жасады. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің велосипед секілді құралдарды пайдаланған кезде де сақ болу қажеттігі ескертілді.
Возможно, это изображение автомобиль и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, улица и текст "BALNUR T"Возможно, это изображение один или несколько человек и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, улица и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и улица
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ