Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ

ОҚУШЫЛАРҒА МЕКТЕПТЕ ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА !!! Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта бойынша 2023-2025 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 31 .31.2023ж. № 748 қаулысы, Жамбыл облысы әкімідігінің 06.11.2023ж . Балаларды зорлық– зомбылықтан қорғауа ,суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, 2025-2026 оқу жылында мектептің А корпусына 20 бейнебақылау жүйесі, 1 дабыл түймесі қойылса, мектепке берілген 4 турникет орнатылған. Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамсыз етуде мамандандырылған күзет қызметі іске косылды. Қазіргі уақытта мектептің қауіпсіздігін қадағалау мамандандырылған күзет «Алғыр» агенттігіне тапсырылып отыр. Бекітілген күзетші металл детекторымен қамтамассыз етілген. Аталған агенттіктің қызмектерлері күнделікті жұмыстарын – бейнебақылау жүйелерінің жұмыс жасауы, мектеп аумағын бақылауда ұстап отыратындары, сондай-ақ, түрлі іс-шаралар мен жиындарда оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету масқатында жол патруль қызмектерлері мен мектеп инспекторы бірлесіп қауіпсіздікті қамтамасыз етеді . Бүгінде мектеп аумағында жол белгілері қойылып, жарықтандырылды. Балалар қараңғыда қараусыз қалмауы қажет екенін ескеріп,мектепте бейнекамералармен толық жабдықталып, көше жарығы орнатылған. Мектеп оқушыларының арасында мектепке алып кіруге болмайтын заттардың тізімі жасалынып , түсіндірме жұмыстары жүргізілді және күзет өкілдері қадағалап отырады. Мектепке жақын орналасқан, бақылаусыз қалған ғимараттар мен мектептегі жертөлеге кіргізбеу,жертөле мен шатырдың құлыпталы тұрғанын қатаң қадағалау үшін мектеп инспекторлары мен құқық бұзушылықты алдын алу кеңесінің мүшелері рейд жүргізіп отырады. Мектеп толық қоршауға алынған.

Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.

Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде «Полицияның сервистік моделі» жобасы негізінде мектепке жаяу келер оқушылардың жолдарындағы ашық люктер мен бос тұрған ғимараттарды ,жертөлелерді ,шатырға шығатын ашық тұрған есіктер санын анықтау , әжетхананың жабықтығын, бос тұрған ғимараттардың мекен-жайын анықтап,анықталған кемшіліктер бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізілді .Атап айтатын болсам, мектепке жаяу келер оқушылардың жолдарындағы ашық люктер жоқ, бірақ Қарасу көшесінің №3 ғимаратының алдында 3 люктың қақпағының тозығы жетіп, талапқа сай болмағандықтан , аталған жағдай бойынша қатынас хат ағымдағы жылдың 17 кыркүйек күні Шу қалалық әкімшілігіне жолданды. 19 қыркүйек күні Шу қалалық әкімшілік тарапынан люктың қақпағы талапқа сай жабылды .

Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.

Шу ауданы білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінің 6_11 сынып оқушылармен учаскелік полиция инспекторы Атықай М.Д "Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» " тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Мақсаты:оқушыларға қылмыс және оның түрлері, қылмыстық жауапкершілік, жаза және оның түрлері туралы кең көлемде түсінік бере отырып,оқушылардың құқықтық білімін дамыту.
Түсіндірме жұмысы барысында бала құқығы туралы ҚР заңнамалары,әкімшілік -қылмыстық кодекс баптары мен 127-бап бойынша ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, 442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы және 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік тартылатындарын ескертіп, құқық бұзушылық жасамауға шақырды. Қандайда құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда , полиция инспекторының номеріне хабарлардың болатндарын айтып, байланыс номерлерін ұсынды.
Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.
Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде кәмелетке жасы толмаған балаларды зорлық-қауіпсіздігін зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен саламаттылығын, қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 17-тармағына сәйкес, окушылардың мектепке келер және қайтар жолдарда орналасқан қауіпті орындардың (бос ғимараттар, жарықсыз жерлер, көңіл көтеретін орындар) яғни NEEТ санатындағы жастардың шоғырланатын жерлердің тізімі жасалып, паспорты әзірленді. NEET термині ағылшын тілінен қазақ тіліне аударсак "не жұ-мыс істемейтін, не оқымай-тын, не өзге де істермен айналыс-пайтын адам" дегенді білдіреді.
Осыған дейін ҚР Қоғамдық даму министрлігінің ұсынысы бойынша Қазақстандағы NEET жастар 7 санатка бөлінді:
1. білімі, белгілі тәжірибелік дағдылары бар, бірақ оқуды және жұмыс істеуді жалғастыруды қаламайтын біреудің асырауындағы адамдар;
2. жасөспірім балалары бар жас келіншектер және жалғыз басты аналар, соның ішінде ерте ана болған жас келіншектер;
3. еркін табыс табуды қалайтын, кездейсоқ жұмыстар арқылы акша табатын фрилансерлер;
4. білімі нашар, біліктілігі және тәжірибесі жок, косалқы шаруашылыкка жұмылдырылған ауыл жастары;
5. оқуды жалғастыруды қалайтын, бірак мүмкіндігі жоқ күнкөрісі төмен отбасыдан шыққан мектептің түлектері, жетімдер;
6. денсаулығы нашарлығынан жұмысқа орналасуда қиындықтары бар мүмкіндігі шектеулі адамдар;
7. бас бостандығынан шектеу орындарынан босап шыккан, есірткілік және алкогольдік тәуелділігі бар, оңалтудан өткен жастардың бейәлеуметтік тобы.
Қосымша ақпарат: NEET жастардың пайда болу себебін объективті, субъективті және жеке тұлғалық тұрғыдан қарастыруға болады. Ең басты әсер ететін фактор өскен ортасы, отбасы, қоғам, достар, туыскандар. Сонымен қатар көп жағдайда ата-ана балаларын тым сезімталдыкпен өсіреді. Баланың өз бетімен кимылдауына мүмкіндік бермейді. Тұрмыстық жағдай болса да бала оны өзі жасаса немесе ата-ана баламен бірге отырып орындаса, бала кез келген нәрсенің кадірін біліп өседі және жауапкершілік сезінгеннен кейін қоғамдық өмірге жеңіл жол түзей алады.
Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ