Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде 13 қаңтар күні мектеп инспекторы Кусайнов Мақсат Мусабекович оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру мақсатында бақылау жұмыстарын жүргізді.
Тексерудің негізгі мақсаты:
- 1–11 сынып оқушыларының сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
себепсіз сабақ босату жағдайларының алдын алу;
-ҚР «Білім туралы» Заңы мен мектептің ішкі тәртіп ережелерінің орындалуын зерделеу.
Тексеру барысындв 1–11 сыныптар толық қамтылды;
-сабақ үстіндегі нақты оқушылардың қатысуы тексерілді;
-сынып жетекшілері мен кезекші әкімшілік берген ақпараттар талданды.
Тексеру нәтижесінде төмендегі жағдай анықталды:
оқушылардың басым бөлігі сабаққа тұрақты қатысады;
сабаққа келмеген оқушылардың себептері (ауру, ата-ана өтініші, ресми құжаттар) журналдарда белгіленген;
жекелеген оқушылардың себепті сабақ босату жағдайлары тіркелген;
сынып жетекшілерінің бақылау жұмыстары жүйелі жүргізіледі.
Рейд соңында мектеп инспекторы сынып жетекшілерге және жауапты қызметкерлергк ұсыныстар берді:
- ата-аналармен байланысты күшейту;
-тәуекел тобындағы оқушылармен жеке жұмыс жүргізу.
Қорытынды: А.С. Макаренко атындағы орта мектебіндегі оқушылардың сабаққа қатысу деңгейі жалпы алғанда қанағаттанарлық деп бағаланд
ы.



Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "А.С.Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың «15» қыркүйек күні Шу аудандык ПБ-нің ЖПКБ ЮПТ УПИ-ның полиция аға лейтенанты Кусайынов Максат Мусабекович пен Батыс мөлшері ауданының учаскелік инспекторлары бірлесе отырып, жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу мақсатында 6-11 сынып оқушыларымен " Буллинг пен кибербуллинг салдары" мен мектепке әкелген тиым салынған заттар тізбесі" тақырыбында профилактикалық жұмыс жүргізді.





Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "А.С.Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9-11 сынып оқушыларымен ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні Шу қалалық емханасына қарасыты Жастар денсаулық орталығының базасында Жастар орталығының мамандары " Темекі- өміріңе зияны келтіреді" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты: Кәмелетке жасы толмағандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында емхананың мамандары оқушыларға темекінің қаншалықты адам ағзасына зиян тигізетінін айтып, темекі шегуден зардап шеккен адамдардың статистикасына тоқталып өтті. Оқушылар өз тарапынан мамандарға тақырып аясында сұрақтары қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алып отырды.












