
2026 жылдың 12 қаңтар күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде «Заң және Тәртіп» айлығы аясында 8–11 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру мақсатында полиция қызметкерімен кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
–
Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру;
–

Оқушыларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
–

Заң бұзушылықтың салдарын ұғындыру;
–

Құқық бұзушылықтың алдын алу.

Кездесуге Шу аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Кусайнов Мақсат Мусабекович шақырылып, төмендегі бағыттарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді:
-

ҚР ӘҚБтК баптарына сәйкес оқушыларға қатысты ережелер;
-


Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен жауапкершілігі;
-

Интернеттегі қауіпсіздік пен кибербуллингке қарсы әрекет;
-

Түнгі уақытта жүру шектеулері, мектеп тәртібі туралы нақты мысалдар.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, оқушылар сұрақ қойып, белсенді пікір алмасты.

Кездесу оқушыларға пайдалы ақпарат берілді!!!