Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде «Полицияның сервистік моделі» жобасы негізінде мектепке жаяу келер оқушылардың жолдарындағы ашық люктер мен бос тұрған ғимараттарды ,жертөлелерді ,шатырға шығатын ашық тұрған есіктер санын анықтау , әжетхананың жабықтығын, бос тұрған ғимараттардың мекен-жайын анықтап,анықталған кемшіліктер бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізілді .Атап айтатын болсам, мектепке жаяу келер оқушылардың жолдарындағы ашық люктер жоқ, бірақ Қарасу көшесінің №3 ғимаратының алдында 3 люктың қақпағының тозығы жетіп, талапқа сай болмағандықтан , аталған жағдай бойынша қатынас хат ағымдағы жылдың 17 кыркүйек күні Шу қалалық әкімшілігіне жолданды. 19 қыркүйек күні Шу қалалық әкімшілік тарапынан люктың қақпағы талапқа сай жабылды .







