БУЛЛИНГ және БОЛАШАҚ.


Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде Баланың зорлық– зомбылықтан қорғау ,суицидтің алдын алу және олардың саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 31 .08.2023ж. № 748 қаулысына сәйкес, мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерімен мектеп инспекторы, полиция аға лейтенанты М.Құсайнов «Бу
ллинг пен кибербуллингтің салдары» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмысын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілер арасында қауіпсіз орта қалыптастыру, буллинг пен кибербуллинг әрекеттерінің алдын алу, оның салдары мен заңдық жауапкершілігі жөнінде ақпарат беру.

Кездесу барысында инспектор М.Құсайнов тәрбиеленушілерге буллингтің түрлері (психологиялық, физикалық, әлеуметтік, кибербуллинг) туралы нақты мысалдар келтіріп, олардың бала психологиясына тигізетін кері әсерін түсіндірді. Сонымен қатар, киберкеңістіктегі қауіпсіздік ережелері, әлеуметтік желілерде этикалық нормаларды сақтау, агрессия мен қудалау әрекеттерінің заңмен қудаланатыны туралы айтты. Тәрбиеленушілер тақырып аясында сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Инспектор оларға қажет болған жағдайда кімге жүгіну керек екендігін, мектеп пен құқық қорғау органдары тарапынан көмек алуға болатынын түсіндіріп өтті