
ОҚУШЫЛАРҒА МЕКТЕПТЕ ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА !!! Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде 2023-2025 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 31 .31.2023ж. № 748 қаулысы Балаларды зорлық– зомбылықтан қорғауа ,суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, Шу аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қ
ызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға лейтенанты Атықай Мадияр Даниярұлы* 7–11-сынып оқушыларымен «Көлік тізгіндеген кәмелетке толмағанның жауапкершілігі» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында мектеп инспекторы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің* 610-бабының 3-бөлігі және 611-бабының 3-бөлігіне сәйкес, кәмелетке толмағандарға әкімшілік іс қозғалатынын атап өтті. Сонымен қатар,полиция қызметкері көлік жүргізудің адам өміріне төндіретін қаупі мен салдары туралы айтып, жолда жүру ережелеріне қатысты дұрыс әрекеттерді практикалық түрде көрсетті.
Іс-шараның мақсаты– кәмелетке толмағандардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.