Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ

    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде «Заң және Тәртіп айлығы» аясында 1–11 сынып жетекшілері “Заң және Тәртіп” тақырыбында жас ерекшеліктерін ескере отырып, өз сыныптарымен  бірыңғай тәрбие сағатын өткізді.

      Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылар арасында заң мен тәртіпке деген құрметті арттыру.

Міндеттері:Заң, құқық, міндет, жауапкершілік ұғымдарын түсіндіру;

Оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін білуіне жағдай жасау;

Құқық бұзушылықтың алдын алу;

Қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру;

Заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жас ерекшеліктеріне сай мазмұны1–4 сыныптар

Тақырыптар:«Мен және мектеп тәртібі», «Жақсы мен жаман әрекет», «Ереже не үшін керек?» Әдістер:әңгіме, суреттермен жұмыс, ойын элементтері

Нәтиже:оқушылар тәртіп сақтаудың маңызын түсінді.

5–7 сыныптар :«Қоғамдық тәртіп», «Заңды сақтау – әр азаматтың міндеті» Әдістер:жағдаяттық тапсырмалар, топтық жұмыс

Нәтиже:жауапкершілік пен тәртіп туралы түсінік қалыптасты.

8–9 сыныптар :«Құқық бұзушылық және оның салдары», «Жасөспірім және заң»10–11 сыныптар :«Құқықтық мәдениет», «Азаматтық жауапкершілік»

    Өткізілген бірыңғай тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға оң әсерін тигізді. Сынып жетекшілері жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие сағатын мазмұнды әрі тиімді өткізді. Бұл шара оқушылар арасында заң мен тәртіпті сақтау дағдысын қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік жұмыс болып табылады.

Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Нет описания фото.Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текстВозможно, это зарисовка (текст)

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ