«ЗАҢДЫ САҚТАУ – ӘР ТӘРБИЕЛЕНУШІНІҢ МІНДЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде
«Тәрбиелі ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында мектеп жанындағы интернат айлығының жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 21 қаңтар күні директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р. Исмаилова «Құқықтық тәртіп» тақырыбында танымдық сабақ өткізді.

Іс-шараның мақсаты:
– интернат тәрбиеленушілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру;
– заңға деген құрмет сезімін қалыптастыру;
– өз құқықтары мен міндеттерін білуге және оларды күнделікті өмірде дұрыс қолдана білуге үйрету.

Іс-шараға тәрбиеленушілер белсене қатысып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында мектеп психологтары Ж. Ченсызбаева мен Ж. Кантарбаева «Көңілді сәттер» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Танымдық сабақ барысында оқушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға, жауапкершілік пен тәртіптілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінді.

Сабақ кезінде жағдаяттық сұрақтар ұсынылып, өмірде кездесетін құқықтық жағдайлар талқыланды. Бұл әдіс тәрбиеленушілердің ойлау қабілетін дамытып, дұрыс шешім қабылдай білуіне және өз пікірін дәлелді түрде жеткізуіне мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, «Құқық пен міндетті ажырата біл!» атты ойын түрлері ұйымдастырылып, құқықтық ұғымдар жеңіл әрі қызықты түрде түсіндірілді. Ойын элементтері оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын арттырды.
Ұйымдастырылған танымдық сабақ жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін нығайтып, құқықтық мемлекет құрудың маңызды негізі болып табылады.


