Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімініңА.С.Макаренко атындағы орта мектебінде 16 қаңтар күні мектеп инспекторы М.Кусайнов қазіргі таңда жол-көлік оқиғаларының алдын алу, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды мәселелердің бірі болып табылатынын негізге алып, 1-5 сынып оқушыларымен «Жол ережесін біліп жүр» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Түсіндірме жұмысының негізгі мақсаты – оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіру, олардың жолда өзін дұрыс әрі қауіпсіз ұстау дағдыларын қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

     Кездесу барысында инспектор оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері, бағдаршамның қызметі, жолдан дұрыс өту ережелері туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, балаларға жолдың тек белгіленген жерінен өту, бағдаршамның жасыл түсін күту, көлік жүріп жатқан жолға кенеттен шықпау керектігі түсіндірілді. Нақты өмірден алынған мысалдар келтіріліп, суреттер мен көрнекі құралдар қолданылды.

   Түсіндірме жұмысы барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Инспектор балалардың сұрақтарына толық жауап беріп, жолда жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

    Жоғарыда аталған тақырып аясында жүргізілген түсіндірме жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының жол қауіпсіздігі туралы білімін арттырып, олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға үлкен үлес қосады. Мектеп инспекторы тарапынан берілген мәліметтер балалардың күнделікті өмірде жол ережесін сақтап жүруіне ықпал етеді.

617866771_854737787333477_171739118312471733_n.jpg

617838441_854738097333446_7490776771231502803_n.jpg

617866771_854737787333477_171739118312471733_n.jpg

617988632_854737910666798_2580253329163280044_n.jpg

617866815_854737560666833_6712282121899634049_n.jpg

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ