МЕКТЕПТЕ "ДосболLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НАУҚАНЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ!!!
2025 жылдың 17 қараша күні Жамбыл облысы, Шу ауданы, А.С. Макаренко атындағы орта мектебінің 4 "Ә" сыныбының жетекшісі А.Нұрадин ««ДОСБОЛLIKE – Буллингтен қорған!», «Сөздің ұлы күші» және «Шұғыл қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға сөздің күші, әсері, тәрбиелік рөлі туралы түсінік беру, әдептілік, сыйластық және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру. Қауіпсіздік сабағының мақсаты – шұғыл қызмет нөмірлерін дұрыс қолдануға үйрету, төтенше жағдайда дұрыс әрекет етуді меңгерту.
Сынып сағаты барысында «Жалғастыр», «Не істеуге болмайды?», «Не істеу керек?» ойындары, жағдаяттық талдау және шығармашылық тапсырмалар қолданылды. Оқушылар сөздің эмоционалдық әсерін, оның күшін, адам өміріндегі орнын түсінетін тапсырмалар орындады. Қауіпсіздік сабағында сұрақ-жауап, жағдаятты шешу, «Қызметті тап» ойыны, рөлдік тапсырмалар, жедел қызмет нөмірлерін жаттау және рефлексия әдістері пайдаланылды.
Оқушылар сөздің адамға әсер ететін күшін түсінді, жақсы сөздің тәрбиелік мәнін ұғынды, өз ойын мәдениетті жеткізу дағдылары қалыптасты. Әдептілік, жауапкершілік және сыйластық қасиеттері дамыды. Шұғыл қызмет нөмірлерін (101, 102, 103, 104, 112, 111) дұрыс қолдануды меңгерді. Төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету және ақпаратты нақты жеткізу қажеттілігін түсінді.
Сынып сағаты мен қауіпсіздік сабағы жоспарға сай өткізілді.



