Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
МЕКТЕПТЕ "ДосболLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НАУҚАНЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ!!! 📌 2025 жылдың 14 қараша күні Жамбыл облысы, Шу ауданы, А.С. Макаренко атындағы орта мектебінің 2 "Ә" сыныбының жетекшісі И.Диханбаева «Жақсылықты бірге жасайық» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді
Іс-шараның мақсаты:
• Оқушыларды достыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу;
• Жақсы істер жасауға, бір-біріне қамқор болуға баулу;
• Бірлесіп жұмыс істеу арқылы сынып ішіндегі ынтымақтастық пен ұжымдық рухты арттыру.
Тәрбие сағаты ойын-сабақ, ән айту, шығармашылық тапсырмалар, трендтік бейнежазба түсіру форматында ұйымдастырылады.
Іс-шара барысында мұғалім оқушылармен бірге «Жақсылық деген не?» тақырыбында ой қозғап, балалардың пікірлерін тыңдады.Әңгіме барысында достық, өзара сыйластық, көмек беру туралы мысалдар келтірілді. Оқушылар «Жақсылық шеңбері» ойынында әр бала өз көршісіне жылы сөз, тілек айтып, «Дос» тақырыбында мақал-мәтелдер айтып жарысып, «Дос болайық бәріміз" тақырыбында ән шырқады.
Іс -шара соңында «Жақсылық ағашы» – әр топ өздері жасаған жақсы істерін жапырақтарға жазып, "Жақсылық ағашы" атты плакатқа орналастырды. Тәрбие сағатына белсенді қатысқан оқушыларға «Жақсылық елшісі» атағы берілді.
Іс шара соңында сынып жетекші «Жақсылық күнделігі» атты күнделік бастауды ұсынды
Возможно, это изображение текст
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ