“Отбасы -бақыт мекені” атты Республикалық апталықтың жоспарына сәйкес, А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің интернат тәрбиешісі Ү.Байғараева дөңгелек үстел ұйымдастырды.
«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің мақсаты:
• Отбасының қоғамдағы орны мен маңызын түсіндіру;
• Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту;
• Жас ұрпаққа отбасы – сүйіспеншілік пен мейірім, бірлік пен татулық ордасы екенін ұғындыру;
• «Бақыттың кілті – отбасы» екенін дәлелдеп, ой-пікір алмасу алаңын құру.


