Мектебімізде “Отбасы- бақыт мекені” Республикалық апталықтың жоспарына сәйкес, мектеп кітапханашысы Б.Исатаева “Бақытты отбасы-зорлық зомбылықсыз әлем” тақырыбында кітап көрмесін өткізді. Көрмеге 8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өздерінің отбасында қандай тәрбие алатындары туралы өз ойларымен бөлісті.
«Зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыбындағы кітап көрмесінің мақсаты:
• Отбасы құндылықтарын насихаттау, зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарас қалыптастыру;
• Зорлық-зомбылықтың қоғамға, әсіресе отбасы мүшелеріне тигізетін кері әсерін түсіндіру;
• Отбасындағы өзара құрмет пен сүйіспеншілікті дәріптейтін көркем және ғылыми әдебиеттерді таныстыру;
• Қоғамда бейбіт, татулығы жарасқан, зорлық-зомбылықсыз отбасылардың қалыптасуына үлес қосу.


