А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде «Менің бақытты отбасым» тақырыбында сурет байқауын технология пән мұғалімі А.Баялбекова өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, отбасы құндылықтарын дәріптеу, әр баланың өз отбасына деген сүйіспеншілігін сурет арқылы жеткізе білуге баулу болды.
Шараға 5-6-7 сынып оқушылары белсене қатысып, өз отбасын қуаныш пен шаттықтың, мейірім мен бірліктің ордасы ретінде бейнеледі. Әрбір жұмыс оқушылардың қиялы мен өнерге қызығушылығын, сондай-ақ отбасына деген мақтаныш сезімін айқын көрсетті.










