А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде “Ұстазға алғыс” тақырыбындағы ұстаздар мерекесіне арналған жоспарға сәйкес, 3 қазан күні мерекелік іс-шара ұйымдастырылды! Іс-шараға мектеп түлектері мен тәрбие орталығы атсалысты. Мұғалімдер мектептен кіргеннен көңілдері көтеріліп, мерекелік сезім
Іс-шараның шарықтау шегінде мектеп директоры мен қонаққа шақырылған ардагер ұстаздар ізгі тілектерін білдіріп, ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі рөліне жоғары баға берілді. Ұстаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Кеш соңында барлығы бірге естелік суретке түсіп, жылы жүзді, қуанышты атмосфера орнады.
Мақсаты:
Оқушылардың ұстаз еңбегіне деген құрметін қалыптастыру, ұстаздарға алғыс сезімін ояту, олардың қоғамдағы мәртебелі орнын дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және мектеп ұжымында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.







