2025 жылдың 3 қазан күні ұстаздар күніне орай “Дублёр күні” өткізілді. Іс-шараға 11 сынып оқушылары белсене қатысты. Бұл күні оқушылар өздерін ұстаздардың орнына қойып, сабақ өткізіп, мектептегі күнделікті педагогикалық жұмыстың жауапкершілігін сезінді. Дублер күнін оқушыларға кәсіптік бағдар беретін маман К.Курамаева жүргізді.
Дублёр күні барысында 11 сынып оқушылары бастауыш және орта буын сыныптарында сабақтар өткізіп, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен ұйымдастырушылық дағдыларын көрсетті. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар оқушылардың сабақ беру барысын бақылап, оларға бағыт-бағдар берді.
Іс-шара соңында дублёр-мұғалімдер өз әсерлерімен бөлісіп, ұстаз еңбегінің қиын да жауапты екенін түсінгендерін айтты. Мектеп директоры мен ұстаздар тарапынан белсенді қатысушыларға алғыс айтылып, естелік сыйлықтар табысталды.
Мақсаты:
Оқушылардың ұстаз мамандығына деген қызығушылығын арттыру, мұғалім еңбегінің маңыздылығын ұғындыру, жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту, мектеп өміріне белсенді араласуға баулу.









