2025 жылдың қазан айында 3–9 сынып оқушылары арасында «Алтын күз әсем көрінісімен» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.Сурет салуда “Бейнелеу” үйірме жетекшісі Кадырова Асел Бегасылқызы оқушыларға жетекшілік жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғаттың әсемдігін көркем бейнелеу арқылы эстетикалық талғамын арттыру және күз мезгілінің сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.Байқау барысында оқушылар күз табиғатының ерекше көріністерін өз суреттері арқылы бейнелеп, түрлі бояу түрлерін үйлесімді пайдалана білді. Әрбір қатысушы өз туындысында табиғаттың нәзіктігін, үйлесімін және көңіл күйін шығармашылық тұрғыда көрсете білді.
Іс-шара оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыруға, бейнелеу өнері арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға бағытталды. «Алтын күз әсем көрінісімен» сурет байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен сынып жетекшілеріне алғыс білдірілді.









