Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
2025 жылдың 10 қазан күні тәрбие орталығының жоспары бойынша "Күз келбеті" тақырыбында 2-7 сынып оқушылары арасында икебана ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары икебанаға белсене қатысып, үйде ата-аналарымен бірлесе отырып жасаған жұмыстарын қорғап шықты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты аялауға баулу, эстетикалық талғамын қалыптастыру және табиғи материалдарды көркемдік тұрғыдан қолдана білуге үйрету.
Байқау барысында оқушылар күз мезгілінің әсемдігін, табиғат сұлулығын өз қолдарымен жасаған икебана композициялары арқылы көрсетті. Әр сынып өз шығармашылық идеяларын ерекше безендіру мен үйлесімділік арқылы танытып, көркемдік талғамдарын жоғары деңгейде көрсете білді.
Шара барысында «Күздің бояуы», «Күз сұлулығы», «Шығармашылық шебер», «Күз шебері» сынды номинациялар бойынша үздік жұмыстар анықталып, өте керемет жасалған жұмыстар "Бас жүлде" І, ІІ, ІІІ орынмен белсенді қатысқан оқушылар марапатталады.
Іс-шара оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін арттыруға, ұқыптылыққа, әсемдік пен үйлесімділікті сезіне білуге тәрбиелеуге бағытталды. «Күзгі икебана» байқауы мектептің эстетикалық және тәрбиелік бағыттағы іс-шараларының бір бөлігі ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
 
Возможно, это изображение детская игрушка и текст
Возможно, это изображение фрукт, детская игрушка и текст
Возможно, это изображение текст
Возможно, это изображение текст
Возможно, это изображение один или несколько человек и больница
Нет описания фото.
Возможно, это изображение ребенок, учеба и текст
Возможно, это изображение один или несколько человек и дерево
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ