Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес”Мен ұстазымды мақтан етемін!”тақырыбында мұғалімдер күніне орай оқушылар өз қолдарынан ашық хаттар жасап, ұстаздарына табыстады.Ашық хатта ұстаздарына деген ыстық ықласы мен алғыстарын білдірді.
Іс-шара барысында оқушылар ерекше ашық хаттар дайындап,ұстаздарына арнау сөздер мен тілектерін жазды,бұл жұмыстар балалардың ұстаздарына деген сүйіспеншілігі мен ризашылығын көрсетті.
Мақсаты: Оқушыларды ұстаздың еңбегін құрметтеуге,шығармашылық қабілеттерін дамытуға,өз ойларын көркем түрде жеткізе білуге баулу.









