А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде “Қыздармен жұмыс” бағдарламасының жоспарына сәйкес, 2025 жылдың қазан айының 15-жұлдызында 7–11 сынып қыздар арасында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қыз балалардың әдептілік, инабаттылық, сыпайылық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды дәріптеу, өз-өзін ұстау мәдениетін дамыту болды.
Жиналыс барысында жетекшілер мен педагогтар қыз баланың қоғамдағы, отбасындағы рөлі, сырт келбет пен мінез-құлықтағы мәдениет, әдеп нормалары туралы ой қозғап, өмірлік мысалдар келтірді. Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, қыз балаға тән ұқыптылық пен тәрбиенің маңыздылығын талқылады.
Кездесу әсерлі өтті, оқушылар тәрбиелік мәні зор кеңестер алды.
Қорытынды: Жиналыс қыз оқушыларының ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, рухани және адамгершілік тұрғыда дамуына ықпал етті.


