А.С. Макаренко атындағы мектепте 17.10.2025 ж 9-11 сынып ата-аналарына «Мамандық таңдауда ата-ананың рөлі мен қолдауы» тақырыбында Ускембаева Зауре сабақ өткізді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауда ата-аналардың қолдауын арттыру, кәсіби бағдар беру жұмыстарын үйлестіру болды.
Жиналыс барысында мектеп психологтары – Ченсызбаева Ж. және Кантарбаева Ж. ата-аналармен тренинг өткізіп, баланың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндірді. Мектеп директорының құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Р. Исмаилова бала құқықтары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С. А. Ильясова ата-аналарға ҰБТ-ға қатысты маңызды мәліметтермен бөлісіп, дайындық кезеңіне қатысты ақпарат берді.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар белсенділік танытып, мамандық таңдау мәселесіне жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінді.






