А. С. Макаренко атындағы орта мектеп жанындағы интернат тәрбиешісі Ү. Байғараева «Даналық мектеп» жобасы аясында "Ата кәсіп-берекенің бастауы" тақырыбында, интернат тәрбиеленушілерімен аталар арасында кездесу ұйымдастырды. Қонақтарымыз өз тәжірибелерімен бөлісіп, ата кәсіптің қоғамдағы маңызы жайында әңгімеледі. Оқушыларымыздың қойған сауалдарына жауап беріп, ұлттық құндылықтарымыздың мәнін терең түсіндіріп өтті. Іс-шараның мақсаты-ұлттық мұраны сақтап, ата-кәсіп түрлерін жас ұрпаққа насихаттау.
Сонымен қатар «Жас ұлан» ұйымының жетекшісі аға тәлімгер Қ.Танекей ұйымдастырумен «Жас ұлан»балалар мен жас өспірімдер ұйымының мүшелері қарт кісілерге сыйлық табыстады және жылы лебіздерің білдіріп, көңілдерін көтеруге ат салысты.





