Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
📌Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде
2025 жылдың 23 қазан күні Шу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитандары, инженерлік және бөлімнің медицина қызметкерлері мектеп оқушыларымен мектептің ауласында кездесу өткізді.
Кездесу барысында мамандар оқушыларға өрттің алдын алу ережелері, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету тәртібі және өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Бұл мәліметтер тәжірибе жүзінде көрсетілді. Практикалық сабақ барысында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы түсіндіріліп, арнайы құрылғыларды дұрыс пайдалану жолдары көрсетілді.
Практикалық бөлімнен кейін Шу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Пермебаев Марлен Берікбайұлы «Түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі оқушылардың іс-қимылдары» тақырыбында дәріс оқыды. Ол оқушыларға қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі әрекет алгоритмін түсіндірді.
Іс-шараның мақсаты:
– Оқушыларды өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру;
– Қауіпті жағдайлардан сақтануға баулу; – Өрт сөндіру құрал-жабдықтарының жұмыс тәртібімен таныстыру.
Кездесу соңында оқушыларға қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылып, төтенше жағдай туындаған кезде «101» өртке қарсы қызметіне немесе «112» жедел құтқару қызметіне қоңырау шалу керектігі ескертілді. #Актуальные #Шу_төтенше_жағдай_бөлімі #Шу_ауданы_білім_бөлімі #ҚАУІПСІЗ_ОРТА_ҚАЛЫПТАСТЫРУ
 
Возможно, это изображение кларнет и текст
Возможно, это изображение текст
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ