А.С. Макаренко атындағы мектепте «25 қазан – Республика күніне орай» ата-аналардың қатысуымен челлендж өтті.
Мақсаты – ата-аналар мен оқушыларды ұлттық мерекеміз – Республика күнін бірге атап өтуге тарту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және елге деген сүйіспеншілікті арттыру болды.
Ата-ана комитетінің төрағасы: Абдуллаев Таджир Максим оглы белсенділік танытты. Челлендж оқушылардың отансүйгіштік сезімін оятып, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.


