Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
Жамбыл облысы Шу ауданы, А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде Баланың зорлық– зомбылықтан қорғау ,суицидтің алдын алу және олардың саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 31 .08.2023ж № 748 қаулысы негізінде , 2025 жылдың 3 қараша күні Шу АПБ-нің полиция аға лейтенанты Атықай Мадияр Даниярұлы мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерімен "Вандализмге жол жоқ" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізсе ,4 қараша күні мектеп инспекторы М.Кусайнов 5-9 сыныптың оқушыларымен жоғарыда аталған тақырып аясында түсіндірме жұмысын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық мүлікті қорғау, мәдени нысандар мен ортақ игіліктерге құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.
Түсіндірме жұмысы барысында мектеп инспекторы оқушыларға вандализм ұғымы, оның түрлері мен қоғамға тигізетін зияны туралы ақпараттар беріліп, нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі жауапкершілік шаралары таныстырылды. Инспектор мен оқушылар арасында ашық диалог ұйымдастырылып, оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара қорытындысында оқушылар «вандализм – мәдениетсіздік пен жауапсыздықтың белгісі» екендігін түсініп, өз ортасында құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосуға уәде берді
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Исмаилованың ұйымдастыруымен «Вандализмге жол жоқ» тақырыбында оқушылармен әлеуметтік ролик түсіріліп, мектеп оқушыларының чаттарына таратылды. #Актуальные #Вандализмге_жол_жоқ #Шу_ауданы_білім_бөлімі
 
Возможно, это изображение текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, скейтборд и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся
 
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ