А. С. Макаренко атындағы орта мектепте “Бір -кітап, бір -кейіпкер бір ой” тақырыбында іс шара өтті.
Мақсаты: Оқушылардың оқыған шығармасын терең түсініп, негізгі кейіпкердің мінезімен іс әрекеті арқылы шығармадағы басты ойды анықтауға бағытталған іс шара. Бұл үрдісте оқушы бір кітапты таңдап ,оның ішіндегі бір кейіпкерді талдайды, және сол кейіпкер арқылы автор жеткізген ойды ашып көрсетеді.
Іс шарада оқушыларды өз ойын жүйелі жеткізуге,талдау жасауға, кейіпкерді өмірімен байланыстыра білуге тәрбиелейді. Мектебіміздің 6-сынып оқушылары оқыған кітаптарына талдап, мазмұнын айтты.


