А.С. Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектепте 3–4 және 5–8 сынып оқушылары арасында “Ұлан-байтақ республикам – бұл менің” атты эссе жазу байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және елдің тарихы мен табиғи байлығын терең тануға баулу.
Нәтижесінде үздік деп танылған эсселер ерекше мазмұнымен, тіл байлығымен және шығармашылық көзқарасымен ерекшеленді. Жеңімпаз оқушылар мектеп әкімшілігінің алғыс хаттарымен марапатталды.




