А.С Макаренко атындағы орта мектеп жанындағы интернат тәрбиешісі Ү.Байғараева ұл балалармен «Әкенің берген тәрбиесі — балаға өмірлік азық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. “Адал Азамат біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру барысында баланың рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасау, отбасылық құндылықты нәсихаттау.
Мақсаты: Әке тәрбиесінің бала өміріндегі маңызын түсіндіру, ұл балалардың бойында ер азаматқа тән қасиеттерді: жауапкершілік, еңбексүйгіштік, намыс, сыйластық сезімдерін қалыптастыру.
Дөңгелек үстелді психолог Ж.Ченчызбаева тренинг түрінде өткізді. Сабақ барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, өмірлік мысалдар келтірді, түрлі психологиялық жаттығулар мен пікірталастар жүргізілді. «Менің әкем – менің үлгі тұтар тұлғам» тақырыбында ой бөлісу ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында ұл балалар әкенің бала өміріндегі орнын, тәрбиелік ықпалын түсініп, өз әкелеріне деген құрмет пен ризашылық сезімдерін білдірді.



